Нарық

Қазақстанға уақытша әкелінген автокөліктер 30 қыркүйекке дейін ел аумағынан шығарылуы керек

  • Қазақстанға уақытша әкелінген автокөліктер 30 қыркүйекке дейін ел аумағынан шығарылуы керек

    Қазақстанға уақытша әкелінген автокөліктер 30 қыркүйекке дейін ел аумағынан шығарылуы керек

Алматы қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті жеке тұлғалардың қажеттіліктері үшін шетел мемлекеттерінен уақытша әкелінген автокөліктердің иелері көліктерді 30 қыркүйекке дейін мемлекет аумағынан шығарып тастауы керектігін мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Департамент Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі жеке тұлғалардың жеке қажеттіліктері үшін шетел мемлекеттерінен уақытша әкелінген автомобильдер мен басқа да көлік құралдарының Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында болу мерзімдерін 2021 жылдың 30 қыркүйегіне дейін ұзартқанын еске түсірді.

 Сондай-ақ, одақтың аумағына қоныс аударған тұлғалар, босқын, мәртебесін алған шетелдік азаматтар одақтың кедендік аумағына жеке мүлкін 18 айға дейін баж салығынсыз қолдану қарастырылатын жеңілдік алынып тасталды.

"Осындай көлік құралдарына иелік ететін жеке тұлғалар үшін қаржылық мәселе тудырмас үшін саталған көлік құралдарының Одақтың кедендік аумағынан әкетілуін қамтамасыз етуіңізді сұраймыз және егер олар 2021 жылдың 30 қыркүйегіне дейін экспортталмаса, кедендік төлемдер мен салықтар толық көлемде төленеді", - деп хабарлады департамент.

Бұған дейін коронавирустың асқынуына байланысты шарттар өзгерген болатын.

Stan.kz




Көрілген: 974    Пікірлер: 0

бейсенбі, 22.07.2021, 22:22

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    6 Қыркүйек, 20:36
    TEDxAstana конференциясы

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30