Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Қазақстаннан айына 4-5 миллиард доллар шығарылған - экс-сенатор

27 шілде 2022, 09:35

Қазақстан заңсыз шығарылған капиталды халықаралық соттардағы талап-арыздар арқылы қайтаруы керек. Мұндай пікірді Atameken Business телеарнасында экс-сенатор Уәлихан Қайсаров пен тәуелсіз қаржы талдаушы Андрей Чеботарев айтты, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Активтерді қайтару науқанының тиімділігіне (Бас прокуратура мәліметі бойынша, 230 миллирад теңге қайтарылған) пікір білдірген қос спикер де бұл үдеріс тез болмайтынын айтты. Қазақстанның талаптары халықаралық соттарда қаралған жағдайда жеке активтерді қайтару бес жылдан жеті жылға дейін созылуы мүмкін.

 

Экс-сенатордың айтуынша, қазір капиталды қайтару ерікті-міндетті негізде жүріп жатыр.

 

"Бұл жерде мәселе күрделірек. Осыдан үш-төрт жыл бұрын тәуелсіздік жылдарында Қазақстаннан 500 миллиард доллар шығарылған деген есеп бар. Мен сенатор болған кезімде де Қазақстаннан айына төрт-бес миллиард доллар шығарылғанын білемін. 500 миллиард доллар деген көрсеткіш шындыққа жақын болуы мүмкін.

Бірақ бұл жерде біз маңызды мәселені ескеруіміз керек. Иә, Бас прокуратура бұл активтерді қайтаруды сұрай алады. Бірақ демократиялық елдерде, әсіресе АҚШ пен Еуропада ақша олай оңай қайтарылмайды. Олар соттың, қазақстандық сотының заңды шешімі болған жағдайда ғана қайтарылады. Шешімді бұл елдер заңды шешім ретінде қабылдайды", - деді Уәлихан Қайсаров.