Нарық

Қазақстанның 6 қаласында қоқысты қайта өңдейтін зауыт салынбақ

  • Қазақстанның 6 қаласында қоқысты қайта өңдейтін зауыт салынбақ

    Қазақстанның 6 қаласында қоқысты қайта өңдейтін зауыт салынбақ

Министр қалдықтарды өңдеу деңгейін арттыру үшін заңнамалық деңгейде Waste to energy технологиясы енгізілетінін еске салды.

Қазақстанның алты қаласында пилоттық режимде тұрмыстық қатты қалдықтарды өртеу арқылы энергия өндіретін зауыт салынады. Жоба сәтті жүзеге асса, зауыт құрылысы басқа қалаларда да басталады. Бұл туралы экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Министр қалдықтарды өңдеу деңгейін арттыру үшін заңнамалық деңгейде Waste to energy технологиясы енгізілетінін еске салды. Бұл дегеніміз, қоқысты жағу арқылы электр энергиясы өндіріледі, сосын ол жалпы электр желісіне сатылады. Жуырда президент тиісті заңға қол қойған.

"Тұрмыстық қатты қалдықтарды қайта өңдеуге бағытталған пилоттық жобалар бірінші кезенде алты қалада жүзеге асады. Бұл Ақтөбе, Алматы, Атырау, Нұр-Сұлтан, Тараз және Шымкент. Бүгінгі күні әкімдіктермен бірлесіп, жер учаскелері, инфрақұрылым және зауыттардың қалдықтармен кепілді жүктелуі мәселелерін пысықтап жатырмыз", - деді Мырзағалиев үкімет отырысында. 

Пилоттық жобалар сәтті жүзеге асса, зауыттар басқа қалаларда да салынады. 

Осы технологияның арқасында біз 2025 жылға қарай қоқысты қайта өңдеу деңгейін 30%-ке,  яғни орта еуропалық деңгейге жеткіземіз, деп толықтырды ведомство басшысы.




Көрілген: 923    Пікірлер: 0

сейсенбі, 24.11.2020, 12:14

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    25 Қаңтар, 12:04
    Доллар бағамы өсті
    19 Қаңтар, 12:05
    Доллар бағамы

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31