Нарық

Қазақстанның баспананы жалдау құны бойынша әлем рейтингіндегі орны анықталды

  • Қазақстанның баспананы жалдау құны бойынша әлем рейтингіндегі орны анықталды

    Қазақстанның баспананы жалдау құны бойынша әлем рейтингіндегі орны анықталды

Қазақстанда бір жылдың ішінде абаттандырылған тұрғын үйді жалдау құны 9, абаттандырылмағаны 4 пайызға қымбаттады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі energyprom.kz порталына сілтеме жасап.

Портал мәліметінше, 2021 жылдың басында Қазақстан баспананы жалдау құны бойынша әлем елдерінің рейтингінде 138 мемлекеттік ішінде 107-орынға тұрақтаған. Бұл жалпы елімізде жалға алу құнының арзан екендігін білдіреді.

Рейтинг Нью-Йоркке қарағанда елдердегі жалға алу құны қаншалықты қымбат немесе арзан екендігін бағалайды. Бұл ретте Нью-Йорк индексі 100-ге тең. Демек, елдің индексі 110 балл болса, онда жалдау құны Нью-Йоркке қарағанда 10 пайыз қымбат деген сөз. Ал 95 пайыз болса, демек америкалық мегаполиске қарағанда бұл елде жалдау құны 5 пайызға арзан. Қазақстан индексі 9,31 пайызды құрайды. Ал баспана жалдау құны ең жоғары елдердің қатарында Бермуд аралы, Гонконг, Сингапур бар. Аталған рейтингке сәйкес, жалға берілетін ең арзан баспананы Ауғанстаннан табуға болады.

2020 жылдың желтоқсанында Қазақстанда абаттандырылған пәтердің жалдау құны бір шаршы метріне 1,6 мың теңгені құрады. Бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 9,3 пайызға қымбат. Ірі қалалар мен мегаполистер арасында елордада пәтердің бір шаршы метрінің жалдау құны 2,9 мың, Алматыда 2,3 мың, Ақтауда 2 мың теңге. Ең төмені Семей қаласында тіркелген. Бұл қалада бір шаршы метр 1,2 мың теңгені құрайды.

Ал абаттандырылмаған баспананың жалдау құны орташа есеппен шаршы метріне 848 теңге, яғни бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 3,5 пайызға қымбат. Мұндай баспаналарды жалдау Алматы мен Нұр-Сұлтан қаласында шаршы метріне 1,6 мың теңге болады. Ал Талдықорған қаласында абаттандырылмаған пәтердің шаршы метрін 1,1 мың теңгеге жалдауға мүмкіндік бар.




Көрілген: 3452    Пікірлер: 0

жұма, 05.02.2021, 19:32

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30