Нарық

Қазақстанның жеті өңірінде ЖҚС желілері бағаны өзара келісіп көтерген

  • © caranddriver.gr

    © caranddriver.gr

ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі мұнай өнімдерін өткізу нарығындағы бағаларға жүргізген мониторинг аясында монополияға қарсы заңнаманы бұзу белгілерін - Қазақстанның 7 өңіріндегі дизель отынын бірқатар бөлшектеп сатушыларының бағалық сөз байласуын анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі агенттік сайтына сілтеме жасап.

 

Нәтижесінде, 2021 жылдың 3 шілдесінде дизель отынын бөлшек саудада өткізушілерге - Жамбыл облысында ("Эврика нефтепродукт" ЖШС, "Бизнес Ойл" ЖШС, "Тараз VIP сервис" ЖШС, "Тараз Петрол Сервис" ЖШС, ЖК "Нұров", ЖК "Мухиев","Газпромнефть Қазақстан" ЖШС ), Қызылорда облысында ("Қызылорда мұнай өнімдері" ЖШС), Шымкентте ("Газпромнефть Қазақстан" ЖШС), Нұр-Сұлтанда ("Бизнес Петролеум" ЖШС, "Ойл" ЖШС, "Аурика" ЖШС, "Асқар" ЖШС,"Номад "ЖҚС" ЖШС, "Gas Energy" ЖШС, "Газпромнефть Қазақстан" ЖШС), Алматыда ("Royal Petrol" ЖШС, "Газпромнефть Қазақстан" ЖШС), Алматы облысында ("Газпромнефть Казақстан" ЖШС), Түркістан облысында ("ТС" ЖШС және "МИГ" ЖШС) БҚДА аумақтық бөлімшелері бағаны төмендету арқылы бәсекелестікке қарсы келісілген іс-әрекеттер белгілерін жою туралы 17 хабарлама шығарды.

 

"Қолданыстағы заңнамаға сәйкес хабарламаны орындау мерзімі оны алған күннен бастап күнтізбелік 30 күн. Хабарламаны орындамау монополияға қарсы тергеу жүргізуге негіз болады", - делінген хабарламада.

 

Бұған дейін биыл 30 сәуірінде Қазақстанның 4 өңірінде (Ақмола, Қостанай, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарында) 14 ЖМҚС әрекеттерінде АИ-92 бензинін сату кезінде бағалық сөз байласу белгілері байқалғаны хабарланған еді. Барлық хабарламалар орындалды.

 




Көрілген: 860    Пікірлер: 0

сенбі, 10.07.2021, 11:24

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    6 Қыркүйек, 20:36
    TEDxAstana конференциясы

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30