Қазақтар жаппай бизнестен бас тартып жатыр

02 қыркүйек 2017, 17:40

Қазақтар бизнеспен айналысуды азайтты. Бір жылда өзін өзі жұмыспен қамтушылар саны 20 мыңға азайды.Дегенмен, кәсіпкерлер жұмысының сапасы артып келеді. Өзін өзі жұмыспен қамтушы кәсіпкерлердің 86 пайызы нақты нәтиже көрсетуде.

Ел ішіндегі экономикалық тұрақсыздық кәсіпкерлерге кері әсер етуде. Жылдың екінші тоқсанының қорытындысы бойынша, өзін өзі жұмыспен қамтушылар саны 0,9 пайызға қысқарып, 19 900-ге азайды.

Керісінше, жалдамалы жұмыскерлікке ауысқан азаматтар саны осы уақытта 1,2% көбейіп, 76 мыңға артты.