Нарық

"Қазақтелеком" KCell-ді сатып алады: абоненттер үшін не өзгереді?

  • CC0 / Dean Moriarty

    CC0 / Dean Moriarty

"Қазақтелеком" АҚ ұлттық компаниясы Telia Company және Fintur Holdings BV компанияларынан KCell дауыс беруші акцияларының 75%-ын сатып алу туралы шартқа қол қойды, деп хабарлайды Қазақтелеком баспасөз қызметі.


Шарт бойынша "Қазақтелеком" KCell акцияларының 24%-ын Telia Company компаниясынан, ал 51%-ын Fintur Holdings BV компаниясынан сатып алады.


"Қазақтелеком" АҚ басқарма төрағасы Қуанышбек Есекеев атап өткендей, KCell акцияларын сатып алу "Қазақтелеком" АҚ-ның құнына жағымды әсер етеді, сонымен бірге жалпы Қазақстандағы телекоммуникация саласын дамытуға септігін тигізеді.


KCell абоненттері үшін не өзгереді?


"KCell және Activ абоненттеріне қатысты бірден айтып кетейін: тарифтер қымбаттамайды, байланыс сапасы төмендемейді – әлеуметтік желіде осы шартқа қарсы болғандар солай қорқытты емес пе. Біріншіден, бұған ешқандай себеп жоқ, шарттың барлық тұстарын қарастырдыөқ, екіншіден IPO қарсаңында "Қазақтелекомға" бұл қажет емес", — деп сендірді Есекеев.


"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры қол қойғаннан соң баспасөз мәслихатында "Қазақтелеком" АҚ басқарма төрағасы Қуанышбек Есекеев шарт сомасын атады.


"Шетелдіктер процедураларға қалай мән беретінін көрдіңіздер ғой. Қазір биржа соңғы нақты бағасын жариялайды – 615 миллион доллар. (…) KCell компаниясы Лондон қор биржасында бағаланатынын білесіздер, бағасы биржада хабарланады. Бүгін биржа жаңалықтары бағасын көрсетеді", — деді Есекеев.


Айта өтсек, "Қазақтелеком" АҚ Қазақстанның қор биржасына "Кселл" АҚ шарты бойынша міндеттердің орындалуы туралы мәлімет берді. Шартқа қол қойылған соң 30 күн ішінде активтердің жалпы бағасының 10 %-нан артық сома төленеді.


Тағы бір ескерте кететін жайт, Қазақстанның табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестік пен тұтынушылар құқығын қорғау комитеті "Қазақтелекомды" KCell және Activ брендтерін сақтауға міндеттеді.


Sputnik


 




Көрілген: 1503    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 12.12.2018, 17:19

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    10 Қараша, 20:02
    Қарыз қажытты ма?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31