Нарық

Қазаннан бастап темекі сатудың жаңа шарттары күшіне енеді

  • Қазаннан бастап темекі сатудың жаңа шарттары күшіне енеді

    Қазаннан бастап темекі сатудың жаңа шарттары күшіне енеді

 Сандық таңбалауды енгізудің бірінші кезеңінің аясында, 2020 жылдың 1-қазанынан бастап темекі өнімдерін сату жаңа шарттарда жүзеге асырылады, оған сәйкес темекі өнімдері міндетті түрде таңбалануы тиіс.

Қазан айынан бастап, темекі өнімдері міндетті түрде таңбалануы тиіс. Бұл нарықтың ашықтығы мен тұрғындарды жасанды өнімдерден, әсіресе, арзан, бірақ денсаулыққа зиян контрафактіден сақтайды. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитеті хабарлады. Сандық таңбалауды енгізудің бірінші кезеңінің аясында, 2020 жылдың 1-қазанынан бастап темекі өнімдерін сату жаңа шарттарда жүзеге асырылады, оған сәйкес темекі өнімдері міндетті түрде таңбалануы тиіс. Темекі өнімінің кез-келген айналымында шығарылған мерзімнен бастап 2D-СКАНЕР қолданылуы тиіс, аталмыш сканер қажетті мәліметтерді оқуға және оларды фискалды деректер операторларына беруге мүмкіндік береді. Сонымен бірге, егер өндіруші өз жұмысында 2D-СКАНЕР қолданатын болса, оның жаңасын сатып алудың қажеті жоқ. Таңбалау – тауардағы арнайы шифрланған белгі, ол өндіруші туралы толық ақпарат, сериялық нөмір және бұзудан сақтайтын кодтан тұрады. Тауарларды таңбалауда DataMatrix бірегей коды пайдаланылады. Ол бірегей, қайталанбайды және оны бұзу мүмкін емес. Бұл шынайы өндірушінің тауар сапасына кепілдігін қамтамасыз етеді, сәйкесінше өнімнің қолданушы денсаулығына қауіпсіздігін білдіреді. DataMatrix темекі қорабының сыртына орналастырылады және бұл кодтың 30 пайызға дейін бұзылуы анықталса да, 2D-СКАНЕР осындай кодты оқи алады.

Кәсіпкерлерге ыңғайлы болуы үшін Сандық таңбалауды енгізу мен тауарларды қадағалау жөніндегі ұлттық оператор нарықта сатылатын сканерлерді тестілеуден өткізіп, сандық таңбамен қолдану талаптарына сай келетін құрылғыларды таңдап алды.


aikyn.kz




Көрілген: 487    Пікірлер: 0

бейсенбі, 10.09.2020, 18:48

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30