Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

ҚазТрансГазАймақ Бірыңғай Байланыс Орталығын іске қосты

26 желтоқсан 2022, 15:46

Бірыңғай байланыс орталығы (ББО) тұтынушылардың өтінімдерін тезірек өңдеуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар "ҚазТрансГазАймақ" АҚ операторларына жүктемені азайтады. ББО арқылы тұтынушы сұрағына жедел жауап беру, тиісті маманмен тез байланыстыру, WhatsApp пен Telegram желілеріне хабарлама қалдыру мүмкіндіктері жолға қойылды.

Сіз Бірыңғай байланыс орталығына 8-800-004-01-01 бірыңғай нөмірі арқылы, сондай-ақ WhatsApp және Telegram арқылы 8-777-121-26-26 нөмірімен хабарласа аласыз.

Кіріс қоңыраулары арқылы тұтынушының мәселесін шешу үшін өтінімдер тіркеледі. Тұтынушыны қызықтырған барлық сұрақтарға жауап беріледі. Келіп түскен хабарламалар мен қоңыраулар бірыңғай байланыс орталығында есепке алынып, талдау жүргізіледі. Сонымен қатар, автоматты интерактивті өзара әрекеттесу жүйесін (IVR) пайдалану – уақытты үнемдеуге және компанияның басқа бөлімдерімен жедел өзара байланысуға мүмкіндік береді.

Бұдан бөлек Компания сайтында «тұтынушының жеке кабинеті» модулі жұмыс істеп тұр.

Жеке кабинетте пайдаланушы "ҚазТрансГазАймақ"АҚ бөлімшесіне бармай-ақ, онлайн режимде өтінім беріп, газдандыруға қажетті техникалық шарттарды ала алады. Сонымен қатар, абонент сәтті/сәтсіз берілген өтінім туралы хабарлама алады, газдандыру калькуляторын қолдана алады, есептеу құралын, үй ішіндегі газ жабдығы шартын тексеру мәртебесімен таныса алады, тұтыну, төлемдер мен есептеулер тарихын көре алады.