Қазақстанда кепілсіз кредит бойынша мөлшерлемені бірнеше есе қысқарту ұсынылды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі sputnik.kz-ке сілтеме жасап.
Қазақстанның қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі сәйкес қаулы жобасын жариялады.
"Шағын кредит ұсыну бойынша жеке тұлғамен арада жасалған келісімшарт бойынша мына көлемде сыйақының шекті мөлшерін орнату ұысынылады: берілетін шағын кредит сомасын толық жабатын мүлік кепілімен қамтамасыз етілген берілетін шағын кредит сомасының 20%-і көлемінде; мүлік кепілімен қамтамасыз етілмеген кредит бойынша берілген шағын кредит сомасының 5,5%-і көлемінде", - деп жазылған құжатта.
Қазіргі уақытта жеке тұлғамен жасалған шағын кредит ұсыну туралы келісімшарт және қамтамасыз етілмеген мүлік кепілі бойынша сыйақының шекті мәні берілген микрокредит көлемінің 25%-ін құрайды.
Қаулының толық мәтіні "Ашық НҚА" порталында жарияланған және 18 мамырға дейін қоғамдық талқылауға жатады.