Нарық

Кей кәсіпкерлер коронавирусты пайда көзіне айналдырып жатыр

  • https://www.ktk.kz/

    https://www.ktk.kz/

Аурудан ақша істеп жатыр ма? Алматыда кейбір пысықай кәсіпкерлер коронавирусқа қатысты дүрбелеңнің арқасында кәсібін дөңгелетіп жатыр. Солардың бірі – сақтандыру компаниялары. Қиын-қыстауда қаржы табуға кіріскендер азаматтарға жұқпалы аурудан өмірін сақтандыруды ұсына бастапты. Дертті жұқтырған жағдайда жарты миллионға дейін өтемақы төлеуге даяр.

 

Коронавирус кеселден нағыз сауда көзіне айналып жатқанға ұқсайды. Олай дейтініміз, әлеуметтік желілер күннен-күнге қолдан жасалған бетперделерге толып барады. Біреулер оған гүл жапсырып сатса, ал біреулер брендті тауар етіп шығарып жатыр.

 

Солардың бірі – Леонид Жеребцов. Танымал дизайнер дәріханаларда бірде-бір бетперде таппаған соң, оны өзі жасауға кірісіпті. Бағасы кәдімгі бетперделерден әлдеқайда жоғары. Бірақ, соған қарамастан сұраныс күннен-күнге артып жатыр екен.

 

Леонид Жеребцов, дизайнер:

 

- Біз бетпердені клиентерімізді, достарымызды, туыстарымызды коронавирустан сақтау үшін шығардық. Бетперделердің жетпей жатқаны жасырын емес. Соның орнын толтыруға тырыстым.

 

Ал Майра Измайлова болса, осы бетперде үшін қып-қызыл сынның астында қалды. Алматыдағы атышулы тиіннің продюсері алып мүсінге арнайы бетперде тіктіріп кигізген. Бірақ коронавирустан «креатив» жасаған келіншектің әрекеті көпшілікке ұнамады. Көбі оның әлеуемттік желідегі жеке парақшасына хабарламалар қалдырып, бетпердені алып тастауды талап еткен.

 

Майра Измайлова, Тиін жобасының ұйымдастырушысы:

 

- Бұл жұртты кекету, не мұқату емес. Адамдар «бетперде жоқ кезде, бұл не қылғандарың» деп, түрлі сөздер айтып жатыр. Бірақ дәріханаларда бетпеделердің жоқтығына мен кінәлі емеспін ғой?! Керісінше, адамдарға қорғану қажеттігін айтып, көңілін көтергіміз келді.

 

Коронавирустың арқасында пайдаға кенеліп жатқандар да жоқ емес. Аурудың таралуы әсіресе тамақ жеткізу қызметтеріне көл-көсір табыс түсіріпті. Компания қожайындары мұны қауіпсіздіктің күшейтілуімен байланыстырады. Яғни, алматылықтардың көбі дәмханаларға баруды қойып, тамақты үйге алдырып жатыр екен. Нәтижесінде, бір күнде бірнеше кісінің босағасына бас сұғатын курьерлер де сақтанып жүретін болған.

 

Тамақ жеткізумен айналысатын кейбір компаниялар қазір қауіпсіздік мақсатында жаңа тәсіл ойлап тапты. Мәселен, бұрын олар сіз мейрамханадан тапсырыс берген тамақты қолыңызға бетпе-бет кездесіп, беріп кететін. Ал қазір есік алдына қалдырып кетеді.

 

Ауадан ақша жасау мүмкіндігін мүлт жібермейтін қаржы компаниялары да коронавирустан пайда көріп қалуды жөн санапты. Олар сақтанудырудың жаңа түрін ойлап тапқан. Яғни, ең қымбат өміріңізді ақша төлеп сақтандырсаңыз, ауру жұққан жағдайда өтемақысын төлеуге даяр. Мәліметтерге қарағанда, бүгінде 100-ге жуық алматылық келісім-шартқа қол қойған.

 

ktk.kz

 




Көрілген: 318    Пікірлер: 0

сейсенбі, 17.03.2020, 11:01

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    5 Қыркүйек, 18:20
    Жалақымен баюға бола ма?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30