Кейбір отбасылар үшін коммуналдық қызмет бағасы арзандайды

16 мамыр 2023, 10:13

Елімізде әлеуметтік аз қамтылған азаматтарға коммуналдық қызмет бағасы арзандайды. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев айтты, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Нalyq-uni.kz-ке сілтеме жасап.

Оның айтуынша, шығынды азайту мемлекет тарапынан көрсетілетін тұрғын үй көмегі аясында өтеледі.

 

Жалпы, былтыр жыл соңында өтемақы мөлшері мен оны алуға үміткерлердің қатарын көбейтуге өзгерістер енгізілді. Нәтижесінде биыл І тоқсан қорытындысы бойынша 17 мың отбасыға 372 млн теңгеден аса тұрғын үй көмегі көрсетілген, – деді ол.

 

Сонымен бірге, мемлекет басшысы қажетті барлық жүйені жаңғыртуға және күрделі жөндеуге бағытталған «Тарифті инвестицияға айырбастау» бағдарламасын іске асыруды тапсырған еді.