Нарық

«Кезек үшін көлікте түнеп жүрміз»: Қыс түспей жатып көмір тапшылығы басталды

  • «Кезек үшін көлікте түнеп жүрміз»: Қыс түспей жатып көмір тапшылығы басталды

    «Кезек үшін көлікте түнеп жүрміз»: Қыс түспей жатып көмір тапшылығы басталды

Олардың әлі қанша күн күтетіндері тағы белгісіз. 

Шығыс Қазақстанда қыс түспей жатып көмір тапшылығы білінуде. Өскемендегі көмір сататын орында соңғы күндері кезек күткен адам көп. Тіпті кейбір тұрғындар қара отынға қол жеткізу үшін бірнеше күн көлік ішінде түнеуге мәжбүр болған, деп хабарлайды 31 арнаның "Информбюро" жаңалықтар қызметі.

Қалада қазірдің өзінен қысқа қамданып, көмірге таласқан халықтың көлігінің даусынан құлақ тұнады. Қаншама күннен бері кезек күтіп, қара отынды ала алмай далада түнеген халық ашуға мінген.

"Міне бүгін екінші күн машинаның ішінде қондық. Кеше мүлдем көмір берген жоқ. Бүгін 3 тоннадан ғана береміз деп жатыр. Қаланың адамдарына әлеуметтік көмір бар. Ауылда да зейнеткерлер бар ғой. Оларға неге бермейді?", - дейді көмір алуға келген жүргізуші Марат Айтуаров.

Көмір ала алмаған ел бұл жағдайдың жылда қайталанатынын айтып ашынады. Жылда жыр болған мәселені облыс әкім Даниал Ахметов те біліп отыр дейді олар. Қала әкімі Жақсылық Омар да дәл осындай шу болған уақытта бір рет келіп те кеткен. Бірақ ол кездесуден кейін де мәселе шешілмеген.

Қазақстанда 2022 жылғы зейнетақы мен ең төменгі жалақының мөлшері аталды
Алматы облысында аңның орнына жылқы атқан экс-полицей тұрғындарды шошытты
Темір жол тұйығының басшысы өз кезегінде бар кінә Қаражыра кен орнында дейді. Көмір жеткілікті келмегендіктен кезек күткен адам көбейіп кеткенін алға тартады ол.

"Бізге Қаражыра кен орнынан көмір аз келіп жатыр. Тасымалдайтын вагондар да өте аз. Қазір көмір аз қалды, енді қашан келетіні белгісіз. Күтеміз. Осындай жағдайдан кейін кезек көбеймей қайтсін?", -деп түсіндірді "Терминал" ЖШС директоры Нұржан Қазиев.

Көмірге келген мына көліктердің араларында алыс аудандардан келгендері де бар. Олардың әлі қанша күн күтетіндері тағы белгісіз. 

Айта кеткеніміз жөн, бұған дейін көмірге кезекте тұрғандар арасында бірнеше рет төбелес те болған. Тіпті Қаражыра кен орнында болған жанжал кезінде бір адам қаза тапқан болатын.




Көрілген: 419    Пікірлер: 0

бейсенбі, 23.09.2021, 14:54

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    29 Қараша, 14:31
    Мұнай күрт қымбаттады

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31