Нарық

Қоғам белсенділері: Мүгедек бала тәрбиелеп отырған аналарды зейнетке 53 жастан шығару қажет

  • Қоғам белсенділері: Мүгедек бала тәрбиелеп отырған аналарды зейнетке 53 жастан шығару қажет

    Қоғам белсенділері: Мүгедек бала тәрбиелеп отырған аналарды зейнетке 53 жастан шығару қажет

Ерекше күтімді қажет ететін бала тәрбиелеп отырған ана зейнетке 53 жастан шығуы қажет. "Бақытты Шаңырақ" қоғамдық қоры осындай бастама көтерді деп хабарлайды "Астана" арнасы.

Мүгедектігі бар бала тәрбиелеп отырған аналардың көпшілігінде баспана мәселесі шешілмеген. Оның үстіне мүмкіндігі шектеулі бала тәрбилеп отырған ана жұмыс істей алмайды. Сол себепті, әлеуметтік осал топтарға үй алу үшін ұсынылған бағдарламаларға бастапқы жарнаны жинап, айлық төлемді жасаудың өзі оларға қиынға соғуда. Осы орайда "Бақытты Шаңырақ" қоғамдық қорының өкілдері мүгедек бала тәрбиелеп отырған аналарды зейнетке 53 жастан шығару қажеттігін алға тартып, оларды үй кезегінде бөлек санатқа жатқызу керектігін сөз етті. "Үй кезегіне әлеуметтік осал топтар қатарында тұрмыз. Ол топқа, мәселен өзге елден оралған қандастар да кіреді. Сондықтан бізді, яғни ерекше күтімді қажет ететін бала тәрбилеп отырған отбасыны бөлек категория ретінде үй кезегіне қойса дейміз", - дейді "Бақытты шаңырақ" қоғамдық қорының өкілі Салтанат Ракишева. Бұл бастаманы қоғам белсенділері елордадағы "Жанұя" институтына жиналған қалалық мәслихат депутаттарымен бөлісті. Олар көтерілген мәселенің орынды екенін айтып, алдағы уақытта бастаманың тиісті деңгейде көтерілуіне күш салуға уәде етті. Еске салсақ, бұған дейін өткен жылы Қазақстанға 19,1 млн доллар гуманитарлық көмек келгенін жазған едік.

Ә. Өмірзақ 




Көрілген: 1451    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 03.03.2021, 00:42

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30