Нарық

"Қолға алатын" жалақыңызды өз бетіңізше қалай есептеуге болады

  • "Қолға алатын" жалақыңызды өз бетіңізше қалай есептеуге болады

 Әдетте біз еңбек шартында белгіленген жалақы мөлшерінен 20%-ын алып тастап, "қолға қанша ақша" алатынымызды есептеуге тырысамыз. Іс жүзінде "таза табысты" есептеудің тәртібі басқаша. Осы орайда Нұрфин редакциясы өз бетіңізше жалақыңызды қалай есептеу керектігін түсіндіріп беруді жөн көрді.

Қазақстанда ресми түрде жұмыс істейтін адамдар жалақыдан үш түрлі аударым алынатынын білуі керек:

Міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) – 10%
Жеке табыс салығы (ЖТС) – 10%

Биылғы ақпан айынан бастап бұларға міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) қосылды – 1%.
Қарапайым есептеулер енді жалақыдан 20 емес, 21 пайыз алу керектігін көрсетеді. Алайда, алымдар кезең-кезеңімен жасалуы керек, сондықтан пайыз шамалы азырақ болуы тиіс.

Үлгі ретінде 100 мың теңге жалақыны алып көрейік.

1-қадам

Бірінші кезекте жалақыдан 10% құрайтын міндетті зейнетақы жарналарын аламыз – 90 мың теңге қалады.

Айта кетсек, аударуға болатын ең жоғарғы зейнетақы жарнасы - ең төменгі жалақы мөлшерінің бесеуіне тең. 2020 жылғы ең төменгі жалақы - 42 500 теңгеге тең екенін ескерсек, бір жеке зейнетақы шотына 212 500 теңгеден артық аударым жасауға болмайды. Алайда бұл үшін еңбекақыңыз 2 125 000 теңге және одан да көп болуы керек.

2-қадам

Сонымен қатар, біз жоғарыда көрсетілген сомадан Қазақстанда биылға белгіленген ең төменгі жалақыны шегеріп, шыққан сомадан 10% табыс салығын алып тастаймыз.

Яғни, 90 мыңнан 42 500 теңгені аламыз. Содан шыққан 47 500 теңгеден 10% аламыз. Сонда, жеке табыс салығы – 4 750 теңге шығады.

90 мыңнан ЖТС алынғанда, 85 250 теңге қалады.

3-қадам

Енді бізге міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға бөлінетін жарнаны есептеу керек.

Ол үшін 85 250 теңгеден жалпы жалақы мөлшерінің бір пайызын аламыз, яғни 100 мыңнан – мың теңге.

Сонымен, айына 100 мың теңге алатын жұмысшының "таза" табысы 84 250 теңгені құрады.

Нәтижесінде біз жалақыдан еңбек шартында жазылған 21% емес, 15,75% алдық.

"Қолға алатын" жалақы мөлшерін есептегенде, көрсетілген пайыз барлық жағдайларда бірдей болмайды. Себебі әркімнің айлығы мен ең төменгі жалақы мөлшерінің айырмасы әртүрлі.

NUR.KZ




Көрілген: 808    Пікірлер: 0

бейсенбі, 27.02.2020, 20:25

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30