Нарық

Коммуналдық қызметтер үшін 15 мың теңге беру ережесі өзгерді

  • https://24.kz/

    https://24.kz/

Елімізде карантин режимі кезеңінде коммуналдық қызметтер үшін тұрғындардың шығындарын өтеу ережесіне өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

 

Бұл туралы ҚР ИИДМ баспасөз қызметі хабарлады.

 

«Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында ағымдағы жылдың 9 мамырында карантин режимі кезеңінде коммуналдық қызметтерді жеткізушілердің шығындарын өтеу ережесіне өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. (ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 18 сәуірдегі № 212 бұйрығы)», - деп хабарлады министрлік.

 

Сол бойынша белгілі бір санаттағы адамдармен бірге тұратын отбасы мүшелеріне коммуналдық қызметтер үшін төлемдерді өтеу бойынша нормалар енгізілген.

 

Атап айтқанда:

 

1) 1, 2, 3 топ мүгедектері;

 

2) Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары, Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына теңестірілген адамдар;

 

3) мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар;

 

4) көп балалы отбасылар;

 

5) ең төменгі және одан төмен зейнетақы алатын зейнеткерлер, жалғызбасты зейнеткерлер;

 

6) мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерді, әскери қызметті орындау кезінде, ғарыш кеңістігіне ұшуды дайындау немесе жүзеге асыру кезінде, адам өмірін құтқару кезінде, құқық тәртібін қорғау кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) адамдардың отбасылары;

 

7) атаулы әлеуметтік көмек алатын азаматтар.

 

Бұдан басқа коммуналдық қызметтерді төлеу бойынша төлемдерді жергілікті бюджеттен өтеген жағдайда әкімдіктерге алушылардың санатын, өтеу шарттары мен тәртібін анықтау бойынша мүмкіндік берілді.

 

 

24.kz

 

 

 




Көрілген: 629    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 11.05.2020, 10:59

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    5 Қыркүйек, 18:20
    Жалақымен баюға бола ма?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30