Нарық

Көмір сыртқа су тегінге кетіп, халыққа тым қымбатқа сатылып жатыр

  • Көмір сыртқа су тегінге кетіп, халыққа тым қымбатқа сатылып жатыр

    Көмір сыртқа су тегінге кетіп, халыққа тым қымбатқа сатылып жатыр

Қазір республика бойынша көмірге талас қызып тұр. Көмір саудалаушылар да осы сәтті құр жіберіп алмай, тұтынушының қалтасын қақшып қалуға барын салуда. Қазір көмір қоймаларындағы баға әдеттегіден бірнеше есеге өсіп кеткен. Отынның 1 тоннасын алғашқы бағасынан бірнеше есе қымбатқа сатып алып жатқан бұқара елдегі көмірдің құны қалталарын тым жұқалап жібергенін жасырмайды. «Жыл сайын кездесетін бұл келеңсіздік биыл тіптен өршіп тұр» деседі мамандар. Ендеше, біз бүгін елдегі көмірдің құны неліктен қызуынан жоғары екенін, жыл өткен сайын қатты отын тапшылығымен неліктен бетпе-бет кездесе беретінімізді сараптап көрмекпіз?!

Деректерге жүгінсек, соңғы үш жылдың ішінде елдегі көмір бағасы жыл сайын 20 пайызға қымбаттап отырған. Мәселен, орташа есеппен 2010 жылдары халық тұтынатын көмірдің құны 7-9 мың теңгенің айналасында болса, биыл бұл отынның бір тоннасы 13-14 мың теңгені маңайлап тұр. Қайсыбір сарапшыларымыз «егер отын өндірісіндегі ахуал тап осылай жалғасын таба беретін болса, көмірдің бағамы келер жылы 100 долларға дейін жетуі мүмкін» деседі. Сонда бағаны бұлайша көтеретіндей елімізде шынымен де көмір тапшы ма?! «Алаш айнасына» пікір білдірген мамандар «бұл қолдан жасалып отырған тапшылық пен қымбатшылық» деседі.

Тағы сол дерекке жүгінсек, біз жылына 100 миллион тоннаға тарта көмір отынын өндіреміз. Елімізде көмірдің барша түрлерінің 150-160 миллиард тонна жиынтық қоры бар. Әлемде көмір өндіруден және оның қорының молдығы жағынан 8-ші орындамыз. Әрине, мұндай деректерге қарап, тұтынушыларын отын түрімен толыққанды қамтамасыз ете алатын ел екенімізге басқалардың дау айта алмасы анық. Бірақ шынтуайтында бұл мәселеде өзіндік кемшін тұстарымыздың да барын жасырмауымыз керек.


Алғашқы баға тым арзан

Мейрам Қабдрахманұлы, экономист-сарапшы:

– Мәселен, біздегі көмірдің кеніштен шыққандағы алғашқы бағасы тоннасына 1500-1600 теңгені құрайды. Ал нақ осы көмірдің халықаралық биржаларға шығарылғандағы құны 20-25 долларға дейін ғана көтеріледі. Сонда халықаралық биржадағы көмір тоннасының құны теңгеге шаққанда 3640 теңгенің аралығында болмақ. Қазақстан көмірінің құны сыртқа шығарылғанда аса қымбаттай қоймайтынын осыдан байқаймыз. Ал енді бұл өнімнің бағасы отандық нарықта жергілікті тұтынушының қолына түсерде неге соншалықты аспандап кетеді дегенге келсек,, көмірдің кеніштен шыққанда 1 тоннасы 1500 теңге болса, нарыққа сатылымға түскенде бұл баға 10 еселеп өсіп кетіп, сатылымда көмірдің бір тоннасы 14 мың теңге болып отыр. Бұл – дабыл қағарлық жағдай.


Кеніштердегі апатты жағдай да бұған себепер

Жалпы, көміріңнің құны неге сонша жоғары» деген сауалды көмірді тасымалдаушыларға қоятын болсақ, олардың бұған деген жауабы дайын. Қазір көмір тасымалдаушылар елдегі көмір кеніштерінің апатты жағдайын, кеніштердің геологиялық бітімінің күрделілігін желеу етіп, өнім бағасын аспандатуды әдетке айналдырып алған.


Марал Төртенова, сарапшы маман:

– Мысалы, бізде 1 тонна көмір алу үшін жер қыртысының бес-алты текше метр топырағын тазалауың керек. Екібастұз кенішінде 1 тонна көмірге 2 жарым текше метр, Қарағандыдағы Шұбаркөл кенішінде 4 текше метр қыртыстан келеді екен. Ал Қарағандыдан тоннасына 1600-1700 теңгемен шығатын көмір Алматыға жеткенде, 14 мың теңгенің үстіне шығып кетеді. Семейдің «Қаражыра» көмірі де Алматыға жеткенше 10-11 мың теңгеге аспандап кетеді. Міне, кеніштердегі жағдайды, қатты отынды қазып алудың қауіптілігін ескерген қайсыбір көмір қазі кен орындары қыс тақағанда бастапқы бағаны өсіре қояды бұдан барып, баға жыл сайын қымбаттап отырады.


Делдалдардан қалай арылу керек?

Бұған мамандардың пайымдауынша, арадағы делдалдар да халықтың қалтасына ауыр салмақ салуда. Көмір бағасының 10 есеге дейін өсуіне бірден-бір себепкер – осы арадағы делдалдар. Міне, осыған орай бұл ретте арадағы делдалдардан құтылып, көмір саудасының халыққа тиімді басқа жолдарын қарастыру керек. Ол үшін алдымен көмірді қабылдап алатын жекеменшік фирмалар мен оны өндірушілер ешқандай делдалсыз келісімшартқа отыруы шарт. Ал осы келісімдерге мемлекеттік құзырлы органдар жауаптылық танытып, оның ішінде монополияға қарсы жұмыс істейтін агенттіктер тасымалдау жағын жіті қадағалауға алуы тиіс.


Салық енгізу көмекке келе ме?

Сондай-ақ біздің елімізде кеніштерден шығатын көмірдің белгілі бір бөлігі экспортқа жіберіледі. Міне, осы жерде экспортқа іс жүзінде өткізілетін көмірдің көлемін негізге ала отырып, көмірдің әлемдік биржадағы құнына қарай экспортқа рента салығын есептеп енгізу керек. Рента салығының мөлшерлемелері, мәселен, мұнайдың әлемдік бағасына қарай 0 пайыздан 32 пайызға дейін белгіленеді. Міне, шетке шығарылатын көмірдің түріне де осындай салық түрі енгізілгенде бір реттілік орнайды. Шетке арзан күйінше молынан шығарылып жатқан көмір мөлшеріне белгілі бір шектеу болады. «Осыдан соң ол өнім ішкі нарыққа жол тартып, отандық саудада өнім түрі көбейеді де, баға өзінен-өзі қалыпқа түседі» дейді мамандар.

Автор: Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ




Көрілген: 3588    Пікірлер: 1

жексенбі, 26.10.2014, 11:30

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    10 Қараша, 20:02
    Қарыз қажытты ма?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30