Нарық

Көпбалалы отбасылар үйді нарықтағы бағадан екі есе арзанға ала алады

  • Көпбалалы отбасылар үйді нарықтағы бағадан екі есе арзанға ала алады

    Көпбалалы отбасылар үйді нарықтағы бағадан екі есе арзанға ала алады

Шығыс Қазақстан облысында көпбалалы отбасылар «Бірқабатты Шығыс» бағдарламасы аясында үйді нарықтағы бағадан екі есе арзанға ала алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аймақ басшысы Даниал Ахметов қала, аудан әкімдерімен, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының басшылығымен, «Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша жұмыс істейтін банк өкілдерімен кезекті жиын өткізді.

«Көпбалалы, толық емес отбасыларға және мүмкіндігі шектеулі балалары бар жанұяларға үй алу үшін 2,2 млн теңге мөлшерінде көмек көрсетіледі. Бірақ мұндай жеңілдік тек «Бірқабатты Шығыс» бағдарламасы арқылы үй алатын отбасыларға ғана жасалады. 2,2 млн теңге – бұл пәтер құнының 25 пайызын құрайды. Өйткені мұндай тұрғын үйдің шаршы метрінің бағасы - 160 мың теңге. Бұл коммерциялық нарықтағы баспана құнынан екі есе төмен», - деді облыс әкімі.

Оның айтуынша, бүгінде аталған санаттағы 104 отбасы бағдарламаға қатысуға ниет білдірген.

«Талдау көрсеткендей, азаматтардың басым көпшілігі ескі үйлерден пәтер алғысы келеді. Бірақ «Бірқабатты Шығыс» бағдарламасы бойынша салынған екіпәтерлі үйлерде барлық жағдай жасалғанын атап өткім келеді. Әр үйдің 6-10 соттыққа дейінгі қосымша жер учаскесі бар», - деді Даниал Ахметов.




Көрілген: 521    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 22.09.2021, 09:38

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    26 Қыркүйек, 14:20
    Доллар бағамы тағы өсті

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31