Нарық

Көпбалалы отбасыларға пәтер беру басталды

  • Фото: primeminister.kz

    Фото: primeminister.kz

Биыл 30 сәуірде көп балалы отбасыларды баспанамен қамтамасыз ету мақсатында ҚР Парламенті тұрғын үй қатынастары мәселелері жөніндегі заңды қабылдады. Құжатты іске асыру ҚР Үкіметіне әкімдіктермен бірлесіп қысқа мерзім ішінде еліміздің барлық өңірлеріндегі көп балалы отбасыларға пәтер беруді бастауға мүмкіндік берді.


Президент Әкімшілігінің, ҚР Парламенті мен Үкіметінің үйлесімді атқарған жұмыстарының нәтижесінде аз қамтылған отбасылардың тұрғын үй жағдайларын жақсартудың жүйелі шаралары қабылданды.


Биыл мамыр айында жалпы елімізде 2019 жылға жоспарланған 6 мың көп балалы отбасының 1,2 мыңын баспанамен қамтамасыз ету көзделген.



Бүгінде алғашқы 24 пәтер Нұр-Сұлтан қаласында, 15-і Шымкент қаласында берілген. Павлодар облысының көп балалы отбасыларына — 76, Қарағанды облысында — 27, Ақтөбе облысында — 25, Алматы облысында — 20, Маңғыстау облысында — 18, Жамбыл облысында — 17, Шығыс Қазақстан облысында — 11, Батыс Қазақстан облысында — 10, Ақмола облысында — 6 пәтер берілді.


15 мамыр күні Атырау облысындағы 50 көп балалы отбасыны тұрғын үймен қамтамасыз ету жоспарланған.


Жергілікті атқарушы органдардың берген мәліметіне сәйкес, 32 мың көп балалы отбасы баспана алуға кезекте тұр.


Көп балалы және аз қамтылған отбасыларды тұрғын үймен қамтамасыз ету бойынша алға қойылған міндеттердің іске асырылу барысы ҚР Үкіметінің ерекше бақылауына алынған.


primeminister.kz




Көрілген: 791    Пікірлер: 0

бейсенбі, 02.05.2019, 11:09

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30