Қор биржасында теңге нығайды

01 наурыз 2022, 12:57

KASE қор биржасында таңғы сатылым нәтижесі бойынша, доллардың орташа құны 494,74 теңгені құрады. Бұдан бір күн бұрын 1 доллар - 495 теңге болған. Осылайша ұлттық валюта 0,24 теңгеге нығайды.

Айта кетейік, көктемнің алғашқы күнінде KASE қор биржасындағы сатылым штаттық режимде 10.15-тен 17.00-ге дейін жұмыс істейді. Бұдан бір күн бұрын сауда 15.00-де басталып, франкфурт аукционы форматында жүзеге асқан.