Қор нарығында доллар арзандады

06 маусым 2022, 17:09

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, доллардың теңгеге шаққандағы бағамы сәл төмендеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 0,33 теңгеге арзандады. Бір АҚШ долларының орташа бағамы - 431, 88 теңге. Ұлттық банктің 6 маусымдағы ресми бағамы – 1 долларға 431, 95 теңге. Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы 431,50 теңге, сатып алу – 436, 07 теңге. Ал Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы 430, 31 теңгеден болса, сатып алу құны – 433 теңге.
ҚазАқпарат