Қор нарығында доллар тағы 4 теңгеге арзандады

03 мамыр 2022, 16:12

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, доллардың теңгеге шаққандағы бағамы төмендеді, деп хабарлайдыҚазАқпарат тілшісі.

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысында доллар бағамы 3, 98 теңгеге арзандады. 1 доллар 441, 64 теңге болды. Ұлттық банктің 3 мамырдағы ресми бағамы – 1 долларға 446, 38 теңге. Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы 443,15 теңге, сатып алу – 446, 25 теңге. Ал Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы 440,44 теңгеден болса, ал сатып алу құны – 444, 50 теңге.

ҚазАқпарат