Қор нарығында доллар тағы 9 теңгеге арзандады

05 мамыр 2022, 16:01

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындылары бойынша, доллардың теңгеге шаққандағы бағамы төмендеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 9, 07 теңгеге арзандады. 1 доллар 427, 80 теңге болды. Ұлттық банктің 5 мамырдағы ресми бағамы – 1 долларға 436, 85 теңге. Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы 431,13 теңге, сатып алу – 436, 65 теңге. Ал Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы 431,24 теңгеден болса, ал сатып алу құны – 435 теңге. Кеше доллар бағамы 4, 80 теңгеге арзандап, 436, 85 теңгені құраған болатын.

ҚазАқпарат