Қор нарығында доллар тағы арзандады

06 қазан 2021, 12:13

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, теңгенің 1 долларға қатысты бағамы шамалы ғана өсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Сауда-саттық мәліметтеріне қарағанда, доллар бағамы 5 қазан кешімен салыстырғанда 0,06 теңгеге құлдырап, 1 доллар 424, 63 теңге болды. Ұлттық банктің 6 қазандағы ресми бағамы – 1 доллар үшін 424, 64 теңге. Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы 424, 59 теңге, сатып алу – 426, 08 теңге. Ал Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы 424,87 теңгеден болса, сатып алу құны – 425, 96 теңге.
ҚазАқпарат