Қор нарығында доллар тағы арзандады

24 желтоқсан 2021, 11:34

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындылары бойынша, теңгенің 1 долларға қатысты бағамы арзандады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Таңғы сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 23 желтоқсан кешімен салыстырғанда 0,98 тиынға теңгеге төмендеп, 1 доллар 432, 85 теңге болды. Ұлттық банктің 24 желтоқсандағы ресми бағамы – 1 долларға 433,88 теңге. Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы 435,26 теңге, сатып алу –437, 18 теңге. Ал Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы 435,51 теңгеден болса, ал сатып алу құны –437, 13 теңге.
inform.kz