Ұлттық банк доллар мен рубльдің 29 желтоқсандағы ресми бағамын белгіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Атап айтқанда, 1 доллар құны – 461, 23 теңге, Ресей рублінің орташа сараланған бағамы - 6,49 теңге. 28 желтоқсан кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 0,93 теңгеге қымбаттап, 461, 51 теңге болған.
Ресей валютасы 6,52 теңге болды. Kurs.kz мәліметі бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 464 – 468 теңгеден сатылып жатыр.
Ал Алматыда доллар 462 –467 теңге аралығында құбылып тұр. Дәл қазіргі уақытта Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей валютасын 6,15– 6,45 теңгеге сатып алуға болады.