Нарық

Қордайлық кәсіпкерлер балықтың көмегімен салат жапырақтарын өсіреді

  • https://24.kz/

    https://24.kz/

Олар жылыжайда салат жапырақтарын ерекше технологиямен егіп, оны балықтың көмегімен өсіреді. Инновациялық жобаның елімізде ғана емес, Орталық Азияда теңдесі жоқ.

 

Былтыр пандемияға байланысты өнімдері шетел нарығына шығарылмай, сауда тоқтап қалған еді. Қазір қайта келісімшарт жасалып, Қырғызстанға экспорттала бастады.

 

Бұл жылыжайдың ерекшелігі, мұндағы өсімдіктер топырақта емес, суда өседі. Қалай дейсіз ғой? Мынау астындағы бассейндерге арнайы балықтар жіберілген. Мәселен, мынау африкалық жайын. Бұл балықтар суға бойынан нитраттар мен нитриттер бөледі. Үстіндегі жайқалып өсіп тұрған көк сөк соның есебінен өсіп жетіледі. Ал кейін мына балықтар өсіп, салмақ қосқаннан кейін нарыққа саудаға шығарылады.

 

Жылыжай кешені Оңтүстіккореялық технология бойынша жұмыс істейді. Мұнда салаттың 7 түрі өсіріледі. Жобаның тиімділігі аса жоғары. Агрономдар жылына 6 рет өнім жинап, 330 тоннаға дейін салат жапырағын алады.

 

Мұрат Рамазан, агроном:

 

– Гидропоникаға қарағанда аквапоника екі-үш есе тиімді. Өйткені бұл жерде өсімдік те өседі. Астында балық та. Өсімдік екі айда дайын болып шығады. Екі айдан кейін Алматыға, болмаса экспортқа Қырғызстан мемлекетіне жіберіледі.

 

Сондай-ақ балықтың екі түрі өсіріледі. Бір жылда нарыққа 40 тоннаға дейін балық шығарылады. Қазір африкалық жайын балықтарын әкеліп жіберіп жатыр.

 

Мамандардың айтуынша, жайынның бұл түрі өсімтал көрінеді. 6 айда 2 келіге дейін салмақ жинайды.

 

Мұрат Рамазан, агроном:

 

– Қазір бізде 10 мың малек бар. Ол шамамен 40 тонна балыққа жетеді. Сұраныс көп. Өйткені мейрамханалар бар, кафелер бар неше түрлі асханалар бар. Аптасына үш рет жіберіп тұрамыз.

 

Жылыжай жұмысы электронды түрде басқарылады. Алып кешенде қазір 13 адам ғана жұмыс істейді. Құны 1 миллиардқа жуықтайтын жоба индустриалды-инновациялық даму бағдарламасымен іске қосылған. Қазір тиімділігін көрсетіп отыр.

 

Ербол Сәрсенбаев, Қордай аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің бас маманы:

 

 – Мемлекет тарапынан қолдау көрсету мақсатында 47,1 миллион теңгеге жетіспейтін инфрақұрылым тарту мақұлданды. Енді электр желісі қажетті қуаттылықпен осы жылдың шілде-тамыз айларында тартылатын болады.

 

Жалпы Қордай ауданында индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы аясында жалпы құны 343 миллиард теңгеден асатын 5 жоба жүзеге асырылып жатыр.

 

Оның үшеуі тау-кен металлургия саласында болса, біреуі фармацевтика. Ал бір жоба тамақ өнеркәсібі.

 

Бұл жобалар толық жүзеге асса, 1250 тұрақты жаңа жұмыс орындары ашылады деп күтілуде.

 

 

 

24.kz




Көрілген: 913    Пікірлер: 0

сейсенбі, 20.04.2021, 08:39

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31