Нарық

Коронавирус бойынша жағдай қайта нашарласа, 42500 теңге беріле ме?- Министр жауабы

  • Коронавирус бойынша жағдай қайта нашарласа, 42500 теңге беріле ме?- Министр жауабы

    Коронавирус бойынша жағдай қайта нашарласа, 42500 теңге беріле ме?- Министр жауабы

Пандемияға байланысты ел Президенті жағдайды бірқалыпты сақтау үшін қатаң шаралар қабылдауды тапсырды.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов Қазақстанда коронавирус бойынша жағдай қайта нашарласа, 42500 теңге төлене ме, деген сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Сенатор Алтынбек Нұхұлы палата отырысында 4,6 миллион адам пандемия кезінде жұмысынан айрылғаны үшін Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (МӘСҚ) 476 миллиард теңге көлемінде қаржылық көмек алғанын айтты.

"Денсаулық сақтау министрлігінің соңғы мәліметтері бойынша, елде күнделікті вирус жұқтыратындардың саны күрт артып, орташа есеппен 600 адам болды. Бұл - алаңдатарлық жағдай. 2021 жылы елдегі коронавирусқа қатысты жағдай тұрақталмаса, жұмысын уақытша тоқтатқан және табысын жоғалтқан адамдарды қолдауға қандай шаралар болады? Осы мақсаттарға қарастырылатын заң жобасында (2021-2023 жылдарға арналған бюджет - автор) 42 500 теңге мөлшеріндегі біржолғы әлеуметтік жәрдемақыны ескере отырып, қаражат көзделмеген. МӘСҚ мүмкіндіктері қандай?", - деп сұрады Сенат депутаты министрден. 

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов заң бойынша МӘСҚ-дан бес әлеуметтік төлем қарастырылғанын айтты.

"Пандемия кезінде ол (Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры - автор) әлеуметтік мәселелерді шешуге қатысты. Ауырғандар үшін 476 миллиард теңге қарастырылды. Вирус жұқтырған медицина қызметкерлеріне тағы 20,5 миллиард теңге төленді.

Бұл шығындар қорға түсетін ақшадан үш есе көп болды. (...) Пандемияға байланысты ел Президенті жағдайды бірқалыпты сақтау үшін қатаң шаралар қабылдауды тапсырды. Қазір Ұлттық банк пен Қаржылық бақылау агенттігімен бірге салдардың алдын алу бойынша бірлескен іс-шаралар жоспары бар", - деді министр.

Алайда Нұрымбетов қазақстандықтар 2021 жылы пандемияға байланысты табысынан айырылса, оларға ақша төленетін-төленбейтінін нақтылаған жоқ.




Көрілген: 1671    Пікірлер: 0

бейсенбі, 19.11.2020, 17:29

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    25 Қаңтар, 12:04
    Доллар бағамы өсті
    19 Қаңтар, 12:05
    Доллар бағамы

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31