Нарық

Қостанай облысында көлік қалай құрастырылады

  • Қостанай облысында көлік қалай құрастырылады

    Қостанай облысында көлік қалай құрастырылады

 Биыл Қостанай облысында 50 мың автокөлік нарыққа шығарылмақ. Мамандар мұны отандық өнімге деген сұраныстың артқаны деп отыр. «ҚазАқпарат» тілшісі жергілікті автозауытқа барып, көлік шығару ісімен етене танысып қайқан болатын. Қазақстанның автомобиль өнеркәсібінің тарихы жол талғамайтын «Нива» жеңіл көлік құрастырудан бастау алған. Мұнан кейін елімізде «СарыарқаАвтоПром», «СемАЗ», «КАМАЗ-Инжиниринг», «Hyundai Trans Auto», «Daewoo Bus Kazakhstan» секілді автокөлік құрастыру кәсіпорындары сапқа қосылды. Осы кәсіпорындардың жұмыстарының нәтижесінде Қостанай облысы көлік шығарудың заманауи тетіктеріне көшкен. Жаңа индустрияландырудың бірінші бес жылдығының қорытындысында автомобиль өндірісі өңдеу өнеркәсібіндегі ең қарқынды дамушы сала ретінде танытты. «СарыарқаАвтоПром» зауыты әлемдік бренд саналатын көліктің жеті түрін құрастырады.

Қайнаған қызу тірліктің ортасында дәнекерлеу мен сырлау цехының тобы жүреді. Бас бригадирі Дәулет Нысанбаевтың айтуынша, зауыт алғашқы ашылғанда тек дайын бөлшектер құрастырылатын. Қазір өнімнің отандық үлесі артқан. «Өндіріс ауқымы да еселеп өсіп келеді. Мысалы биыл желіден шығатын көлік санын 50 мыңға дейін жеткізу жоспарланып отыр. Өндірістің артуы тікелей сұранысқа байланысты. Дәнекерлеу цехының бригадирімін. Қол астымда 10 жұмыскер бар. Біз өнімнің негізгі жұмысына жауаптымыз. Автомашинаның кабинасын құрастырып, келесі цехқа дайындаймыз. Олар бояп, шанақтарын іледі», - дейді цех бригадирі.

Жалпы бір автокөлікті құрастыруға бір-екі тәулік уақыт кетеді. Мәселен, бір ғана JAC маркалы автокөлік ұсақ торап тәсілімен өндіріледі. Бұл тәсілдің өзі ішінен бірнеше бөлікке жіктеледі. «Ең әуелі кузов бөлігін өлшейміз. Кейін есігін таңдап, мөлшерін есептейміз. Мұнан соң дайын бөлшектерді дәнекерлеу жұмыстары басталады. Ұсақ-түйек жұмыс болып көрінгенімен, аса жауапкершілікпен қарауды талап етеді. Сырлап, бояу жаққан соң шанақтарын біріктіріп, ірі бөлшектерін жалғаймыз. Ұсақ торапты әдіспен көлік құрау шамамен осылай жүреді. Бір тәулік ішінде 15-16 көліктің қорабын дайындаймыз», - деп түсіндірді Дәулет Нысанбаев.

Цех бригадирінің зауытта жүргеніне 6 жыл. Жұмысын дәнекерлеуші маман болып бастаған. Көрсеткіштері еленіп, цех басшылығына дейін көтерілді. Бастапқыда өзге де жергілікті мамандармен бірге Қытайдағы зауытқа барып тәжірибе жинап қайтқан. Дәулет Нысанбаевтан Қытай сапары туралы сұрадық. «Кәсібімнің негізі Қостанай облысында қаланды. Қалғаны тек тәжірибе жинау ғой. Ол жақта өзіме керектіні үйрендім. Бірақ жергілікті зауыттың дайындау жүйесі ұнайды. Жұмысқа тұрған соң кәсібіңді арттырып, шыңдалуға мүмкіндік болады. Әуелі теорияны үйренесің, тәжірибелік жұмыстар біршама уақыттан соң беріледі. Әбден меңгеріп алған соң көлік құрастыруға кірісуге болады. Қазір шетелден мамандар келіп, үйретіп датыр ғой. Олар көбіне технология процесіне аса мән береді», - деді Д.Нысанбаев жұмысы туралы. Сонымен, Қостанай облысындағы автозауыттың бүгінгі тынысы осы. Қазір қостанайлықтар Әзербайжан, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан елдерінің нарығына шыққан. Мемлекеттік қолдаудың арқасында бүгінде отандық автокөліктердің экспорттық әлеуеті жоғары. Ендігі меже – жыл соңына дейін 50 мың автокөлік құрастыру.





 




Көрілген: 269    Пікірлер: 0

сенбі, 29.02.2020, 12:56

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30