Нарық

Қостанайдағы тұрғын үй - құрылыс комбинаты тығырыққа тірелді

  • https://kstnews.kz/

    https://kstnews.kz/

Қостанайда жеті жыл бұрын тұрғын үй - құрылыс комбинаты ашылған еді. Бірақ жұмысынан тұрғаны көп. Жылына 100 мың шаршы метрді қамтитын құрылыс материалдарын өндіре алатын кәсіпорын қазір өнімнің 40 процентін ғана шығарады. Себебі тапсырыс аз. 

 

2014 жылы «Жаңа индустрияландыру» бағдарламасы аясында іске қосылған комбинат панелді қабырғалар, түрлі темір-бетон бұйымдарын шығарады. Бұл жоба өңірде құрылысқа дем беріп, тұрғын үй бағасының төмендеуіне септігін тигізуі тиіс еді. Алайда әзірге олай болмай тұр.

 

Кесініше баспана бағасы жеті жылдың ішінде екі есеге өсті. Ал тиімді деген панелді қабырғалардың өтімі төмен.

 

Владимир Анненко, Тұрғын үй құрылысы комбинатының басшысы:

 

- Біздің өнімге тапсырыс берушілер аз. Ал оны тек қоймаға жинау үшін шығару тағы тиімсіз. Өздеріңіз көріп жүрсіздер, қазір тіпті мемлекеттік бағдарламамен салынып жатқан үйлерде көбіне кірпішті пайдаланады. Бастапқы жобада солай көрсетілгендіктен құрылыс компаниялары соны ұстануға мәжбүр. Ал кірпіш пен панелді қабырғаның өзіндік құны шамалас болғанымен, тартылатын адам, кететін уақыт есебінен алсақ біздің өнім ұтымды.

 

Жалпы «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша салынатын үйлерде құрылыс материалдарының 50 проценті отандық өнім болуы тиіс.

 

Жуырда осы мәселе облыстық кәсіпкерлер палатасында көтерілді. Атқарушы билік өкілдері қатысқан жиында, құрылыс саласында жергілікті өнімге басымдық беру туралы тапсырма назардан тыс қалғаны айтылды.

 

Сондықтан тиісті органдар алдағы жобаларды бекіту кезінде осы жайтты ескеруге міндеттелді.

 

Геннадий Кукоба, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары:

 

- Біз қазір алдағы жылға қандай жоспарлар бектілетіндігін күтіп отырмыз. Сол жоспарға сәйкес үй құрылысы комбинатына тапсырыс беру мәселесі қаралады. Егер тапсырыс көлемі 35 мың шаршы метрге жетсе, бұл өндіріс қуатының сексен процентін қамтиды. Әрі қарай өнімін өткізу үшін кәсіпорын өз бетінше де әрекет етуі тиіс.

 

Жалпы жеті жылдың ішінде қостанайлық комбинатта шығарылған панелді қабырғалардан 15 көп қабатты үй тұрғызылған. Үшеуі әлі салынып жатыр. Көлемі жағынан алсақ оның бәрі шамамен 80 мың шаршы метр. Бұл облыс бойынша осы аралықта бой көтерген баспаналардың небары 4 проценті.

 

 

 

24.kz




Көрілген: 568    Пікірлер: 0

сейсенбі, 16.11.2021, 08:18

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    30 Желтоқсан 2021
    Доллар бағамы төмендеді

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31