Нарық

Костюм, әшекей, қолсағат: Қазақстандық депутаттардың киімі қанша тұрады

  • Костюм, әшекей, қолсағат: Қазақстандық депутаттардың киімі қанша тұрады

    Костюм, әшекей, қолсағат: Қазақстандық депутаттардың киімі қанша тұрады

Бір костюм үшін 130 мың теңге. Еліміздегі шенді-шекпенділер киетін ең арзан киімнің бағасы осындай. Бұл тек костюм-шалбардың құны. Оған галстук пен жейдені, туфлиді қосыңыз! Одан қалса, қол сағаты бар.


Ал бұрымды депутаттар ай сайын бір киімге қанша теңге жұмсауға дайын? Жалпы, отандық өнім отандық шенеуніктердің арасында трендте ме? Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Евразия арнасына сілтеме жасап хабарлайды.


Бүгінде трендтен қалмау үшін бренд іздейтініміз белгілі. Шетелдің бағасы удай брендік өнімдері қалтаны қанша қаққанымен, одан бас тартпаймыз. Ал халықтың қамын ойлап, күні-түні заң шығарудан қолы босамайтын vәжіліс депутаттары айына бір киімге қанша теңге жұмсауға дайын? Оны өздерінен сұрап көрдік.


"Ай сайын жұмсамаймын, жылына бір рет аламын! Бренд деп айтады, әр адам өзінің тұла бойына сай киім, ол қай жақтың киімі болса да, мәні сонда болады", - дейді депутат Зәуреш Аманжолова.


"Мен көбіне осы өзіміздің тігіншілерге тіктіремін. Шамамен 50-60 мың, екі баласы бар адамдарға қымбат, алтыннан гөрі күмісті жақсы көремін!", - дейді Бақытгүл Хаменова.


Отандық киім киіп, өз өндірушілерімізді қолдау керектігін елбасы Нұрсұлтан Назарбаев шенеуніктерден талай мәрте талап еткен болатын. Тіпті, оларға үлгі-өнегі болып, өзі де Қазақстанда жасалған костюм киетінін көреткен еді. Бұған Үкімет мүшелері де үн қатқаны есімізде.


«Отандық костюм киемін. QLP. Алматыда жасалған», - деді Ерлан Сағадиева.


«Отандық киім өндірушілер де шенеуніктер жиі келетінін жасырмайды. Олардың айтуынша, арнайы тапсырыспен тігілетін костюмнің ең арзаны 100 мың теңге!», - дейді Асқар Жұмағалиев.


"Бізде негізінен әкімдіктен, министрліктен костюм заказ беріліп алынады. Жеке кәсіпкерлерде келіп алады. Өзім барып замер алғаным Қаржы министрлігі мен Исекешев мырза да заказ беріп алады», - деді сатушы.


Депутат ханымдар айына 50-60 мың жұмсаса, кей халық қалаулысы тіпті соңғы 4-5 жылда киімдерін мүлдем жаңартпағанын айтады.


"Мен көп жыл алған киімдерімді киіп жүремін! Соңғы 4-5 жылда оны жаңартқан жоқпын!", - деді депутат Бақтықожа Ізмұхамбетов.


"Бақытгүл ханым айтты, айына 60 мың жұмсаймын деді! Жоқ, біздің киімізде. сәйкес киіну керек. Мен дүкеннен аламын", - дейді Бейбіт Мамраев.


Ал білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов те тек отандық киімдерге ғана тапсырыс беретінін айтады.


"Қазақстаннан, қазір көйлекте Қазақстандікі. Кейбір заттар Қазақстаннан, кейбірі үшін дүкенге барасың", - дейді Аймағамбетов.


Министрлер мен депутаттар киімге қанша ақша жұмсайтынын мейлінше жасырып бағуға тырысқанымен, кәсіпкерлер дені дұрыс костюмге 130 мың теңгеден көп қаржы кетеді дейді. Албастан-аяқ сықиып тұрып киінуі үшін қанша қажеттігін өзіңіз есептей беріңіз. Нәзік жандардың қажеттілігі бұдан да зор. Оларға көйілектен бөлек, алтын алқа мен сырға-сақина, білезікке, түфлиіне аз кетпесі анық.




Көрілген: 964    Пікірлер: 0

бейсенбі, 24.10.2019, 23:34

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    10 Қараша, 20:02
    Қарыз қажытты ма?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30