Нарық

ҚР Ұлттық банкі мен Қазақстан қор биржасы бірлесіп мәлімдеме жасады

  • © Pixabay

    © Pixabay

Қазақстан Ұлттық банкі және Қазақстан қор биржасы теңгенің шетел валюталарына шаққанда төмендеуіне байланысты бірлескен мәлімдеме жасады, деп хабарлайды kaz.zakon.kz.

 

Ұлттық банк өткен күні әлемдік қаржы нарықтарындағы дүрбелең өрши түскенін еске алды. Brent маркалы мұнай бағасының бір баррелі 25 долларға жетті, осылайша баға тәулігіне 14% және жыл басынан бері 60% -дан астамға төмендеді. Әлемдік қорлар мен валюта нарықтарда да құлдырау жалғасып жатыр. Ресей рублі тәулігіне 7,3%, ал жыл басынан бері 30% -дан астамға құнын жоғалтты. Осы жағдайларды ескере отырып, сыртқы факторлардың ішкі валюта нарығындағы тұрақсыздыққа әсерін шектеу және Қазақстан Республикасының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында Ұлттық банк Қазақстан қор биржасымен бірлесіп, 2020 жылдың 19 және 20 наурызында теңгенің долларға шаққандағы валюталық жұптық сауда-саттығын Франкфурт аукционы түрінде өткізуге шешім қабылдады. Франкфурт аукционы түрінде өткізілген сауда-саттық клиенттердің қолда бар өтініштерін қанағаттандыруға және валюта нарығындағы жағдайды тұрақсыздандыруға жол бермеуге мүмкіндік береді, делінген Ұлттық банк пен KASE хабарламасында.

 

Бұдан әрі сауда режимі туралы ақпарат дер кезінде көпшілікке хабарланып отыратын болады. 




Көрілген: 880    Пікірлер: 0

бейсенбі, 19.03.2020, 11:25

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31