Нарық

Кредиттер жақын жерде

  • Кредиттер жақын жерде

    Кредиттер жақын жерде

Кепілсіз әрі ең аз төлеммен берілетін кредиттерді енді АТФБанкке келмей-ақ, Қазпоштаның кез келген 800 бөлімшесінің бірінен алуға болады.


Үлкен қалаларда кредит ресімдеу оңай – онда клиенттерге әртүрлі ұсыныстар жасалып, ал банк офистерін кез келген жерден кездестіруге болады. Ал шалғайдағы елді мекендердің тұрғындарына кредит алу үшін алты қырдың ар жағындағы қалаға баруға тура келеді.


Бүгінде Қазақстанның ірі қалаларында ғана емес, сондай-ақ қай жердегі кішігірім қалалары мен ауылдарынан кредит алуға болатындығын және осындай ұсыныстардың артықшылықтары мен кемшіліктерін қарастырып көрейік.


Туыстарыңыз немесе достарыңыздан қарыз алу


Артықшылықтары:


· Туыстарыңыз бен достарыңыз қарызды пайызсыз беруі мүмкін.


· Қарызды ақша болған уақытта және бөліп қайтаруға болады.


Кемшіліктері:


· Қарызды дер кезінде қайтара алмау және олардан жиі «қарыз сұраудың» себебінен туыстар немесе достарыңызбен қарым-қатынасыңызды бұзып алуыңыз мүмкін.


· «Қарызға ақша беретін адамның болмай қалу» жағдайы.


Микроқаржы ұйымы беретін кредит


Артықшылықтары:


· Жақын жердегі қолжетімділік. Таяу уақытқа дейін МҚҰ кішігіріп елді мекендерде филиалдарын ашқан жалғыз қаржы ұйымы болып келген. Сондықтан олар көптеген қарыз алушыларды тартып үлгерген.


Кемшіліктері:


· Жоғары пайыздық мөлшерлемелер.


· МҚҰ-да кредит ресімдеу әрдайым оңайға түсе бермейді. Аз мөлшерде ақша алу оңай, ал қомақты сома қажет болатын жағдайда өзіңіздің төлем қабілетіңізді дәлелдеуіңіз керек. Үлкен МҚҰ жиі жағдайда табысы жеткілікті кәсіпкерлермен жұмыс істеуге тырысады. Қандай үлгіде жүргізілетіндігіне қарамастан, олардың айналымдарын көру үшін есептерін көрсетуін сұрайды. Сондай жағдайда кредит алу үшін бір ғана жеке куәлік жеткіліксіз болып қалады.


· Қарыз сомасының төмен болуы.


«Қазпошта» арқылы берілетін «АТФБанк» АҚ кредиті


Артықшылықтары:


· Жақын жердегі қолжетімділік. Кредитті Қазпоштаның кез келген бөлімшесінен ресімдеуге болады. Қазақстанда мұндай 800 бөлімше бар.


· Ең аз ай сайынғы төлем. Қарыз мерзімдерінің жоғары - 12 айдан 60 айға дейін болуының арқасында ай сайын біртіндеп төлеу арқылы кредитті өтеу кезінде өз шамаңызды байқай аласыз. Осылайша сауданың басқа да түрлерін жасауға немесе ақша жинауға болады.


· Кепілсіз және кез келген мақсатқа берілетін қомақты қарыз – 50 мың теңгеден 1 миллион теңгеге дейін.


· Өтінім оңай әрі тез ресімделеді. ЖСН көрсетілген жеке куәлігіңіз ғана қажет.


· «Қазпоштада» тек кредит ресімдеп және оны алып қана қоймай, сондай-ақ ол бойынша ай сайынғы төлемдерді төлеуге болады. Ай сайын банк бөлімшесіне келудің қажеті болмайды.


· «Қазпошта» АҚ кассасынан қолма-қол ақшаны шығару кезінде комиссия ұсталмайды.


Кемшіліктері:


· Адамның жасына қарай шектеулер бар (әйелдер үшін – 21 жастан 58 жасқа дейін және ерлер үшін - 63 жасқа дейін).


Көріп отырғанымыздай, АТФБанктің жаңа ұсынысы көптеген артықшылықтардан тұрады: қолайлылық, тез арада ресімдеу және қарыз талаптарының тиімділігі!



Толығырақ ақпаратты 2424 нөмірі бойынша АТФБанктің байланыс орталығына немесе 1499 нөмірі бойынша «Қазпоштаның» байланыс орталығына хабарласу арқылы немесе «Қазпошта» бөлімшесінде тікелей қызметкерден алуға болады.




Көрілген: 1382    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 26.08.2019, 09:03

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    10 Қараша, 20:02
    Қарыз қажытты ма?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31