Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Кірістер комитеті 30 млн теңгеден асатын ақшаны сақтауға қатысты түсініктеме берді

24 қараша 2022, 18:34

Жалпыға бірдей декларациялаудың екінші кезеңінде 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны (250.00-нысан) квазимемлекеттік сектордың, мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері және олардың жұбайлары тапсыруға тиіс, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Іnbusiness.kz-ке сілтеме жасап.

"Активтер мен міндеттемелер туралы декларацияда айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшерінің 10 000 еселенген мөлшерінен аспайтын қолма-қол ақша көрсетілуі тиіс. Бұл ретте, заңнамада 10 000 АЕК-тен астам қолма-қол ақшаны сақтауға тыйым салынбаған. Осыған байланысты жеке тұлғалар ақшаны қолма-қол немесе қолма-қол ақшасыз нысанда сақтау мәселелерін, сондай-ақ олардың сомасын өздері шешуге құқылы", - деп түсіндірді МКК.

 

Еске сала кетсек, бұған дейін Алматы қаласы бойынша МКД баспасөз қызметі бастапқы декларацияда ҚР шетел елінде тіркелген мүлік пен активтерден басқа заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлесі, инвестициялық алтын, бағалы қағаздар және т. б., сондай-ақ 10 000 АЕК еселенген мөлшерінен (30 630 000 теңге) аспайтын сомадағы қолма-қол ақша көрсетіледі деп хабарлаған.

 

"Ал бұл мөлшерден асатын сома 2022 жылғы 31 желтоқсанға дейін банктік шоттарда орналастырылуға тиіс", – деп түсіндірген еді МКД.