Нарық

Кірістер комитеті «Сырым» автокөлік өткізу пунктіндегі жағдайға байланысты түсініктеме берді

  • https://baq.kz/

    https://baq.kz/

Қазақстан-Ресей шекарасындағы «Сырым» автокөлік өткізу пунктінде 300 жүк автокөлік құралының кептелісі туралы ақпарат расталмаған және шындыққа сәйкес келмейді. Өткізу пунктінде, сондай-ақ бейтарап жолақта (ҚР мен РФ автокөлік өткізу пункттері арасындағы қашықтық) жүк автокөлік құралдарының кептелісі жоқ, деп хабарлады ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті.

 

Кептеліс Ресей Федерациясы тарапынан «Маштаково» автокөлік өткізу пунктіне дейін пайда болды. Қолда бар ақпаратқа сәйкес, кептелістің ұзындығы шамамен 7 шақырымды құрайды.

 

«Сырым» автокөлік өткізу пунктіне келген жүргізушілердің айтуынша, кептеліске ауа-райының қолайсыздығы және «Маштаково» автокөлік өткізу пунктіндегі жол төсемінің нашарлығының себебінен қозғалыс қиындады.

 

«Сырым» автокөлік өткізу пунктінде 300 жүк автокөлік құралының кептелісі туралы ақпарат расталмаған және шындыққа сәйкес келмейді.

 

Бұл ақпаратты Батыс Қазақстан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны сыртқы талдау және бағалау арнайы мониторингтік тобы басшысының орынбасары Б.Лаврентьев растады .

 

Мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды адамдары «Сырым» автокөлік өткізу пунктінде өз қызметін күшейтілген режимде жүзеге асыруда, Қазақстан Республикасы тарапынан автокөлік құралдарының кептелісі жоқ,- деп толықтырды Мемлекеттік кірістер комитетінде.

 

 

 

 

 

BAQ.KZ

 




Көрілген: 1210    Пікірлер: 0

жексенбі, 07.03.2021, 19:40

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31