ҚТЖ астықты үздіксіз тасымалдауды қамтамасыз ету қамына кірісті

23 шілде 2021, 19:31

Бүгін "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ бастамасымен биылғы астықты және күзгі жиын-терін жұмыстарына қажетті мұнай өнімдерін тасымалдау мәселесіне қатысты кеңейтілген мәжіліс өтті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі.

Жүздесу барысында жаңа шабылған бидайды төкпей-шашпай тасымалдау үшін жүкті тиеу-түсіру және көлік қозғалысы регламентін сақтау қажеттігіне баса мән берілді. Ол үшін жүкті жөнелтушілерге кіріп-шығатын жолдарын жөндеуге, ал эловаторларда астық тиеу жабдықтарын ертерек сайлап, демалыс және мереке күндердегі жұмыс кестесін ұйымдастыруға кеңес берілді. Сонымен қатар қарбалас кезеңінде көлікті тиімді пайдалану үшін жүк жөнелтушелір астық пен ұнтақталған өнімді тасылмалдаудың нақты жоспарлап алғаны жөн. 

 
"Вагондар легі ретімен пайдаланылған  жағдайда жаңа егінді парктегі қолда бар көлікпен тасуға болады. Локомотив маневрлеріне келетін болсақ, Ақмола және Қостанай облысындағы жол бөліктерінде проблема жоқ. Дей тұрғанмен, қарбалас кезеңінде локомотивке деген сұраныс артады. Осының бәрін ескере отыра, "ҚТЖ"ҰК"  локомотив парктерін толықтыру үшін бірқатар іс-шараларды қолға алды" – деп атап өтті "ҚТЖ" ҰҚ" АҚ басқарма төрағасының орынбасары міндетін атқарушы Оралхан Құлақов.  

Қазақстан паркінде 9,3 мың дана тасымал құралы бар. Оның 6,2 мыңы астықтың 56%  тасымалдауды жүзеге асыратын "АстықТранс" АҚ иелігінде. Жалпы  астық тасымалдау көлігі 7% көбейді. Отандық жабық вагондар паркінде 13 мың дана болса, оның 8 мыңы "Қазтеміртранс" АҚ меншігі, шамамен 5 мыңдайы жекеде. 

Мәсәлелерді шұғыл түрде шешу үшін ҚТЖ аппаратында астық тасымалдау штабы құрылды, негізгі астық тиейтін жол бөліктерінде шұғыл топ күндіз-түні жұмыс істейді. 

2021 жылдың алты айында теміржол арқылы 4,7 млн тонна астық тасылған, бұл өткен жылмен салыстырғанда 12% жоғары. Ол кезде 1,1 млн тонна ұнтақты өнім тасымалданған. Астық экспорты 19% көбейіп, 3,5 млн тоннаға жетті. 

Астық Орталық Азия елдері, Иран, Ресей және өзге де мемлекеттерге жөнелтіледі.