Нарық

ҚТЖ билеттерін сату жөніндегі онлайн-сервисі жаңартылды

  • http://kstnews.kz

    http://kstnews.kz

«ҚТЖ» ҰК» АҚ Бас есептеу орталығының әзірлеген bilet.railways.kz интернет-порталының жаңартылған нұсқасында ресурсты пайдаланушылардың ұсыныстары мен ескертпелері назарға алынған. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі хабарлайды.


Сайтта қаріп өлшемі мен шегінісі қайта қаралып, вагонның цифрлық сызбасы өзгертілген, қолжетімді және қиын орындарды жеңіл ажырату үшін қолжетімсіз орындар айтарлықтай ашық етіп берілген. Қажетті пойыздар мен бағыттарды іздеу үшін ыңғайлы сүзгіден өткізу жүйесі енгізіліп отыр. Бұл ретте сайттың мобильдік нұсқасы жетілдірілді. Сондай-ақ сайтта үш интерфейстің үш тілділігі сақталған: қазақ, орыс және ағылшын.


«Жаңа сайтта билетті арнайы кабинет арқылы авторлықсыз ресімдеуге болады. Сайтта «күту парақшасы» қызметі бар. Тұтынушы ол арқылы билет болмаған жағдайда, кезекке де тұра алады. Бос орын болған жағдайда тұтынушының электронды поштасына хабарлама түседі. Сондай-ақ жолаушылар бұрын сатып алынған билеттерді сайт арқылы қайта өткізе алады. Дисконт карта арқылы «баруға» және «қайтуға» билеттерді бір тапсырыс кезінде рәсімдеуге болады», делінген баспасөз хабарламасында.


Сонымен бірге сайтта пойыз кестесі туралы анықтамалық ақпарат, бос орындар, пойыз билетінің бағасы, жолаушыларға тиімді жеңілдіктер туралы мәліметтер жинақталған. Тұтынушы жолаушылардың бағалауына сәйкес, пойыздардың қызмет көрсету сапасына қатысты рейтингін көреді.


«Пойыз билетін сатып алуға халықаралық төлемақы жасаудың Visa және MasterCard жүйесін қолдана алатын барлық екінші деңгейлі банктердің төлемақы карталары қабылданады. Қиын мәселе туындағанда оператордың online режімдегі көмегіне жүгінуге болады», - деді компанияда.


Мәселе туындаған жағдайда «online» режимінде оператордың көмегіне жүгінуге де болады. Порталды қолдау тобының call-орталығы бар және негізінен әлеуметтік желілерде жұмыс істейді. Портал веб-жобалар үшін заманауи құрал-жабдықтарды пайдалана отырып әзірленген және халықаралық интернет-институттарының стандарттары талаптарына жауап береді.


24.kz


 




Көрілген: 1442    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 28.11.2018, 18:48

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31