Елде құны 100 миллион теңгеден асатын қымбат мүлік иелері бұдан былай сән-салтанат салығын төлейді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі 24.kz-ке сілтеме жасап.
Қазір олардың саны 720. Осынша азаматтан жылжымайтын мүлікке 610 миллион теңге салық өндірілген.
Бұл жөніндегі Мемлекеттік кірістер комитеті хабарлады.
Сән-салтанат салығына қатысты берешек бай-бағланның дені Алматы, Астана және Шымкент қалаларында, делінген комитет мәліметінде.
Ал былтыр 4 миллионға жуық жеке тұлғаға 15 млрд теңге сомасында мүлік салығы салынған.