Құртымызды өзгелер өңгеріп кетпесін десек...
Оңтүстіктегі Ордабасы ауданының тұрғыны 106 жасқа келген Айғаным әжейден ұзақ жасаудың сырын сұрағанымызда үнемі құртты аузына салып, сорып жүретінін айтқан еді. Кәдімгі сиырдың сүтінен алынған айраннан жасалған құрттың ұзақ өмір сүруге септігі бар ма, жоқ па кім білген, ауылдағы аңқау да ақкөңіл апамыздың айтқанында қандай да бір шындық бардай көрінгені рас... Құрттың адам денсаулығына зор пайдасы бары жайында «Алаш айнасы» тілшісі өз ойын ортаға салады.
Тек ауылдың ғана дәмі деп есептелініп келген жеңсік ас – құртқа құмартушылар бүгінде қалада да көп. Әсіресе мектептің маңында майда-шүйде сатып отыратын апаларымыз құрттың өтімді тауар екенін айтады. Жас балалар даналап алып кеп бергенде құрттың саудасы қызады дей беріңіз. Чупа-чупсіңізден әлдеқайда пайдалы десек артық айтқандық болмас. Одан қалса сыра құмарлар да тіскебасар ретінде құрт саудасының көрігін қыздырады. Сыра барларын айтпағанның өзіде айтулы мейрамханалардың төрінен орын алып үлгерді. Шетелдерде демалған ағайынның сол елдің дәстүрінен хабар беретін кәдесый мен дәм-тұз әкелетіні белгілі. Үнді еліне барғандар иісі мұрын жарар шәйін, Түркияға барғандар әлемге әйгілі пахлавасынан әкеліп дәм татқызғысы келеді. Ал біз шетелдік туристерге қазақ елінің ұлттық тағамы дұрысын айтқанда ұлттық бренд деп бағалауға болатын құртты құрметтеп ұсына алып жүрміз бе? Жоқ. Біздің «құрекең» де құрметті орын алуға әбден лайық-ақ. Голландықтардың ірімшігі, түркілердің йогурты сияқты әлемдік асханада өзіндік лайық орнын ойып тұрып алуына болады-ақ. Алайда «барғызбасың барғызбастың» кебін киюлі. Атам заманғы құрттың жасалу технологиясы бұзылып, оның орнына заманауи құрталмастырғыштар шыққалы қашан. Базардағы көтерме бағамен сатылатын құрт атаулы құртқаұқсас дүние, әйтеуір «оригинал» емес. Ұзынқұлақтың айтуынша оның сапасын сырып қойып, санын көбейту үшін әк қосады-мыс. Тіпті ақтың обалынан қорықпайтындар тез кебуі үшін аздап азбест те қосатын көрінеді. «Ұсталмаған ұры емес», көзбен көріп, қолмен ұстап алмағаннан кейін бәрі бекер. Тек құрттың дәмін көру үшін тістеп көрсең үгітіліп тұр. Әйтеуір әктің ауылы алыс емес-ау деп, «от болмаса түтіннің де болмайтыны» осындайда еске түседі. Сондайда ауылдағы апамның өреге жайған, май қосып қайнатқан, дәмі тіл үйірер нағыз құртын сағынып кетесің...
Баға қандай, баға?
Жеңсік асқа құмартушылар оны көбіне таныстарынан, онда да ауылдағы ағайыннан алғысы келеді. Базардағы көтерме саудада құрттың бір келісі 600 теңге, тіпті 1 000 теңгеге дейін барады. Ал данасы 10-15 теңге тұрса, үлкендеулерін 20-30 теңгеден де саудалайды. Алыс ауылдардан облыс орталықтарына көтерме бағамен әкеп өткізетіндер әрине арзандау бағаға беріп кетеді. Ал базардағығылар үстіне өкіртіп қосып, саудасын жандырады. Базардан жаңадан жайылғанын да, кепкенін де, екі-үш жылдық тас боп қатып қалғанын да таба аласыз. Тек сұрасаңыз болғаны. Алайда ауылдық, нағыз құрттты табу қиынырақ. Дәмі келіңкіресе болғаны... Құртқа деген құмарлықты әлгіндей сапасын емес санын көздегендер құртпаса, құртекең әл-әзір сауда сөресінен түсе қоймас.
Құрттың химиялық құрамы мен калориясын зерттеген ғалымдар тың жаңалық ашқандай таң тамаша болып отыр. Шынында да ол анау-мынау дәруменіңді жолда қалдырады. Арнайы зауытта дайындалған сүзбеде ақуыз мөлшері 16 пайыз болса, құрттағы ақуыз мөлшері өте бай – 53 пайызды құрайды. 100 грамм сүзбенің қуаты 227 кк болса, құрттыкі 370,1. (!). Жүз грамм құртта 3 граммға жуық белок, 3,2 грамм кальций мен фосфор қосындылары, белгілі мөлшерде А1, В2, Д дәрумендері бар екен. 100 грамм құрттан ағзаға 60-қа жуық килокалория беріледі. Пайдасы бар ма, бар әрине. Бүгінде құрт өндіретін шағын цехтар да жұмыс істеуде. Алайда аз уақыт саталынған соң сарғайып кететін өнімнің алушылары да кем. Сондықтан да нағыз ауылда апаларымыз дайындаған технологиямен жасалар болса нағыз табыс көзі болары сөзсіз. Тіпті, оны туристік кластердің бір бағыты ретінде дамытып, кішігірім цехтар ашып, шетелдік туристерге ұсынсақ ұтарымыз көп әрине. Өзге ұлттардың өреге құрт жайғанын көрмедік. Ұлттық брендке сұранып-ақ. тұрған дүние... Тек біз ұйықтап жүргенде өредегі құртымызды өзгелер ұрлап кетпесін...
Құрт түрлері:
Ыстық құрт. Қазанға құртты қайнатып, май қосып сапырып ішетін кенеулі ас. Өкпе ауруына, суық тиіп ауырған сырқаттарға ем ретінде жасалған. Иммунитеті төмендегендегендерге де таптырмайтын ас саналады.
М а л т а . Ет қайнатқан сорпаға кепкен құртты салып езеді. Түбінде қалған кішкене түйіршегі әрі жұмсақ, әрі дәмді болады. Езілген бөлігін сорпаға қатып ішеді.
А қ м а л т а . Езген құрттың ең соңғы шайындысы. Ол өте жұғымды және тез сіңетін тағам болып саналады, оны сол сұйық түрінде ішеді.
К ұ р т – м а й . Сары майға батырып жасайтын құрт. Кепкен кезде сап-сары болып, дәмі тіл үйірердей болады. Құрттың ішіндегі ең дәмдісі осы сары май қосылып жасалғаны.
Жұлдыз
Радиосы