Нарық

Құрылысшылар Қазақстанда құрылыс нарығының банкротқа ұшырайтынын болжап отыр

  • Құрылысшылар Қазақстанда құрылыс нарығының банкротқа ұшырайтынын болжап отыр

    Құрылысшылар Қазақстанда құрылыс нарығының банкротқа ұшырайтынын болжап отыр

Бірқатар отандық құрылыс нысндарын салушылар Қазақстанда алдағы уақытта құрылыс нарығының құлдырайтынын және құрылыс компанияларының банкротқа ұшырайтындығын болжап отыр, деп хабарлайды Астана арнасы.

Мұның себебін олар құрылыс материалдары бағасының тез өсуімен байланыстырып отыр. Тек ресми деректер бойынша, жыл басынан бері Қазақстанда құрылыс материалдарының бағасы 30% - ға қымбаттаған. 

"Қазір мердігерлер жұмыс істемейді, құрылысы аяқталмаған нысандар пайда болады. Нормативтік баға нарықтың өзгеруіне тез жауап бере алмайды. Ағымдағы нарықтық бағаларға көшу керек. Тұрғын үй бағасы тағы өседі, бірақ халықтың төлем қабілеттілігі мұны көтермеуі мүмкін. Бұл құрылыс нарығының құлдырауына және банкроттыққа әкелуі мүмкін", - деп есептейді Қарағанды облысының құрылыс салушылар қауымдастығының төрағасы Төлеген Әшімов.

Сарапшылар бұл мәселені шешудің бір жолы құрылыс материалдарын өндіретін жаңа отандық компаниялардың ашылуы деп ойлайды. 

"Қолжетімді тұрғын үйді арзан материалдармен ғана жасауға болады. Құрылыс материалдарын өндіретін өндірістер де оларға артықшылық беру керек. Бір жерлерде салық бойынша азайту болуы тиіс. Әкімшілік қолдау мен көмек көрсетудің көптеген мүмкіндіктері бар. Кейде мәселе салықта емес, бұны іске асыруға қолдау көрсетуде", - деп атап өтті экономист Бекнұр Қисықов.

Құрылыс нысанын салушылар құрылыс істері жөніндегі комитетке нарықты реттеу бойынша жаңа стратегия әзірлейтін кез келді деп санайды. 




Көрілген: 641    Пікірлер: 0

сенбі, 04.12.2021, 15:13

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    30 Желтоқсан 2021
    Доллар бағамы төмендеді

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31