Нарық

Қырғыз, армян, ресейлік көліктен ертерек құтылыңыз

  • Тимур Еникеев / kolesa.kz

    Тимур Еникеев / kolesa.kz

Шектеулер “Жол қозғалысы” туралы заңда жазылған.

Құжаттың 63-бабына сәйкес, “Басқа мемлекеттің құзыретті органында тіркелген, халықаралық жол жүрісіне қатысатын және Қазақстан Республикасына бір жылдан аспайтын мерзімге әкелінетін механикалық көлік құралдарын қоспағанда, Қазақстан Республикасында жасалған немесе Қазақстан Республикасына әкелінген, осы Заңда айқындалатын механикалық көлік құралдары міндетті мемлекеттік тіркеуге жатады”, деп хабарлайды kolesa.kz.

65-бапттың 2 тармағына сәйкес “Отыз тәулікке дейінгі үзілістермен бір жылдан астам Қазақстан Республикасының аумағында қалған көлік құралы халықаралық жол жүрісінде деп есептелмейді”.

Яғни, шетелдік нөмірмен Қазақстанда жүрген көлік 30 күн ел аумағында болмауы тиіс. Бұл – Қазақстан территориясына бір жыл бұрын кіргізіліп тіркелмеген көліктер заңсыз жүр деген сөз.

Шетелдік нөмірмен жүрген жерлестеріміздің үш жолы бар:

* барлық алым-салықтарды төлеп, көлікті заңдастыру.
* көлік айып тұрағына шығарылғанға дейін 30 күнге шетелге шығып, көлікті қайта Қазақстанға кіргізу.
* техникалық құралды шетелге апарып сату.

Естеріңізге сала кетсек, қазір Қазақстанда 200 мыңа жуық көлік шетелдік нөмірмен жүр.

kaz.zakon.kz




Көрілген: 4146    Пікірлер: 0

сейсенбі, 14.01.2020, 17:15

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31