Нарық

Қыркүйектегі инфляция ненің бағасына әсер етті?

  • Қыркүйектегі инфляция ненің бағасына әсер етті?

    Қыркүйектегі инфляция ненің бағасына әсер етті?

Қыркүйектің қорытындысы бойынша жылдық инфляция Ұлттық банктің күткенінен төмен 7,0% деңгейінде қалыптасады. Бұл туралы Ұлттық банктің баспасөз қызметі хабарлады.

Ұлттық банк инфляцияның құрамдас бөліктерінің серпінін бақылауда. Азық-түлік инфляциясының құрылымында нарықтардағы ет және нан-тоқаш өнімдері бағасының жылдық өсу қарқынының баяулауы байқалды. Маңызды импорттық құрамдас бөлігі бар тауарлар тобына бағаның өсуі байқалады. Нан-тоқаш өнімдері мен жармалар бағасының жылдық өсуі 13,4%, ет және ет өнімдері &ndash 10,3%, май мен тоң май &ndash 9,8%, шай мен кофе &ndash 9,4%, алкогольдік ішімдіктер &ndash 7,7% болды, - делінген хабарламада.
 Азық-түлікке жатпайтын инфляцияның серпіні халықтың ақшалай кірісінің төмендеуінен, сондай-ақ карантиндік шаралардан туындаған төмен тұтынушылық сұраныс аясында салыстырмалы түрде тұрақты болып қалуда. 

Карантиндік шараларды жеңілдетуге және нақты сектор кәсіпорындары қызметінің қайта жандануына қарай 2020 жылғы қыркүйекте бензин бағасының жылдық өсу қарқынының 2,7%-ға дейін үдеуі байқалады.

Ұлттық банк мәліметінше, ақылы қызметтер инфляциясын жылдамдатқан негізгі фактор реттелетін коммуналдық қызметтердің 0,7%-ға, атап айтқанда, электр энергиясының 6,6%-ға қымбаттауы болды. Көрсетілетін қызметтер бағасының жалпы өсуіне білім беру және байланыс қызметтерінің тиісінше 3,3%-ға және 2,1%-ға қымбаттауы да ықпал етеді.

BAQ.KZ




Көрілген: 494    Пікірлер: 0

сейсенбі, 27.10.2020, 12:13

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    25 Қаңтар, 12:04
    Доллар бағамы өсті
    19 Қаңтар, 12:05
    Доллар бағамы

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31