Нарық

Қытай автокөліктері Қазақстан нарығын жаулап жатыр

  • Қытай автокөліктері Қазақстан нарығын жаулап жатыр

    Қытай автокөліктері Қазақстан нарығын жаулап жатыр

Қазақстандық азаматтар қытай автокөліктерін көптеп сатып алып жатыр. Қазақстандағы жеңіл автокөліктердің ең танымал 15 брендтің қатарына бірден екі қытайлық көлік кірген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

EnergyProm порталының мәліметінше, рейтинг көрсеткіші бойынша 10 орында тұрған Қазақстанда шығарылатын JAC машинасының жылына 2,2 мың данасы сатылса, 15-орында тұрған Haval көлігінің сәуір айынан бері 833-і өз иесін тапқан.

 

2021 жылдың қаңтар-қазан айларында Қазақстан Республикасының дилерлерімен 96,8 мың жеңіл және коммерциялық көлік сатылған, бұл 2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 31,9%-ға артық. Ең көп сатылған көліктердің қатарында Chevrolet – 25 мың, Hyundai – 19,4 мың және Toyota 11,4 мың маркалы машиналары тұр. Қытайлық брендтердің де автокөліктері жақсы өтуде, сатылған көліктердің бір жыл ішіндегі үлесі 2,1%-дан 3,1%-ға дейін өскен.
Желтоқсан айында Ресейде өзін танытып үлгерген қытайлық Chery брендінің Қазақстанда сатылымы басталады. Бұдан былай Қазақстан нарығындағы қытайлық автокөліктердің үлесі тек өседі деп күтілуде.

Ағымдағы жылдың қазан айында Қазақстанда 9,3 мыңға жуық жеңіл және коммерциялық көлік сатылған және бұл 2020 жылғы қазан айымен салыстырғанда 3,6%-ға артық. Мұнымен қатар Еуропадағы автокөлік сатылымы 29,3%-ға төмендеді – бұл еуропалық нарық тарихындағы сәйкес айдағы ең нашар нәтиже болып отыр.




Көрілген: 711    Пікірлер: 0

бейсенбі, 02.12.2021, 11:56

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    30 Желтоқсан 2021
    Доллар бағамы төмендеді

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31