Нарық

Қытай билігі қысқы Олимпиада ойындары кезінде цифрлық юанды сынақтан өткізбек

  • https://www.inform.kz/

    https://www.inform.kz/

Алдағы Бейжіңде өтетін қысқы Олимпиада ойындары кезінде біз шетелдік азаматтарға цифрлық юаньге қол жеткізуді қамтамасыз етеміз. Боао азиялық форумындағы сессиялардың бірінде Қытай Халық банкі (ҚҰБ, Орталық банк) басшысының орынбасары Ли Бо осындай мәлімдеме жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат меншікті тілшісі.

 

«Біз цифрлық юаньді пайдаланудың пилоттық жобалары үшін көбірек сценарий мен көптеген қаланы қарастырамыз. Бейжіңдегі қысқы Олимпиада ойындары кезінде біз оған шетел азаматтарының қол жеткізуін қамтамасыз етеміз», - деп атап өтті Ли Бо.

 

«Цифрлық юанды ілгерілету әрекеттері ішкі пайдалануға бағытталған. Сандық юаньды интернационалдандыру туралы айтатын болсақ, біз бұл табиғи процесс екенін және біздің мақсатымыз басқа халықаралық валюталарды алмастыру емес екенін бірнеше рет айтқан болатынбыз. Біздің мақсатымыз – нарыққа таңдау жасауға мүмкіндік беру», - деді ол.

 

Сондай-ақ Ли Бо Қытай цифрлық юань мен экожүйенің инфрақұрылымын, оның ішінде технологияны одан әрі дамытып, қауіпсіздік пен сенімділікті арттырып, оны қолдану үшін тиісті нормативтік-құқықтық базаны жасауы керек екенін хабарлады.

 

Оның айтуынша, цифрлық юаньді одан әрі интернационалдандыру тұрғысынан Қытай халықаралық серіктестермен трансшекаралық төлемдер бойынша ұзақ мерзімді шешім жасау үшін жұмыс істейтін болады.

 

Өткен жылдың қазан айынан бастап Қытайдың Орталық банкі елдің бірнеше аймағында, атап айтқанда Бейжің, Шэньчжэнь, Сучжоу және Чэнду қалаларында цифрлық юанды сынақтан өткізді.

 

Еске сала кетейік, Бейжіңдегі қысқы Олимпиада ойындары 2022 жылдың 4-22 ақпан аралығында өтеді.

 

 

 




Көрілген: 892    Пікірлер: 0

сейсенбі, 20.04.2021, 09:38

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31