Нарық

Қытай қазақстандық автокөліктердің ел аумағына өтуіне шектеу қойды

  • https://stan.kz/

    https://stan.kz/

Қытай Қазақстан тарапынан қабылданатын автокөлік санын шектеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

 

"Пандемия жағдайында Қытай қазақстандық тараптан қабылданатын көліктердің санын шектеді. Бұрын "Нұр Жолы"бақылау-өткізу пункті арқылы Қытай тарапына күніне 200-ден астам көлік бірлігі қатынаса, пандемия басталғаннан бері бұл сан күніне 20-30 бірлікке дейін төмендеді", - деді  қаржы министрлігі баспасөз қызметінде.

 

Қазақстан бірқатар шаралар қабылдады, содан кейін Қытай күніне 80-ге дейін көлік өткізуге келісті. Алайда биыл 10 қарашадан бастап Қытай тарапы қазақстандық тараптан қабылданатын көліктердің санын шектеді, ал экспорттық тауарлары бар көліктер қабылданбайды.

 

"Мысалы, осы жылдың 26 қарашасында Қытай тарапы "Евроотранзит" көліктік-логистикалық орталық аумағында қазақстандық көліктерге тиелген жүктері бар 7 тіркеме ғана шығарды. Осыған байланысты, мәселені шешу үшін Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі ҚХР уәкілетті органдарымен келіссөздерді жалғастыруда", - деді қаржы министрлігі баспасөз қызметінде.

 




Көрілген: 1182    Пікірлер: 0

жұма, 27.11.2020, 14:25

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31