Нарық

Қытайлық кәсіпкерлер қазақтың киізіне қызыға бастады

  • Қытайлық кәсіпкерлер қазақтың киізіне қызыға бастады

    Қытайлық кәсіпкерлер қазақтың киізіне қызыға бастады

Қытайдың сауда компаниялары киізбен жұмыс істейтін қазақстандық қолөнер шеберлерімен тығыз байланыс орнатпақшы деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі sputniknews.kz сайтына сілтеме жасап. 


20-26 мамыр аралығында Қытайдың мәдениет пен туризм апталығы өтеді. Оған осы елдің әртістері, қолөнершілері, ушу шеберлері мен саудагерлері келеді.


Апталыққа Қытайдың іскерлік топтары да келеді. Олар Қазақстанда жоғары дәрежелі туристік аймақтарды құруға қатысты өз ұсыныстарын жасайды. Ал "Астана Арбат" аймағында қытайлық батбырауықтар шоуы мен жәрмеңке ұйымдастырылады. Ол жерде жібек, шәй, зергерлік бұйымдар, киім-кешек және тағы басқа заттар сатылады.


Қытайдың мәдениет және туризм министрлігінің Нұр-Сұлтандағы өкілділігінің басшысы Ван Шулиньнің айтуынша, қазір қытайлықтар арасында киізден жасалған бұйымдарға сұраныс артып келеді. Осыған байланысты бұл елдің кәсіпкерлері сауда байланыстарын орнатуға мүдделі.


"Соңғы кездері қытайлық кәсіпкерлер мен туристерге Қазақстанда киізден жасалған тауарлар қатты ұнап жүр. Себебі осы жердің шеберлері бәрін өз қолымен жасайды. Апталық аясында сауда компаниялары да келеді. Олар киізбен жұмыс жасайтын шеберлермен жақын танысуды көздейді. Әрине, сауда-саттықпен айналысатын компаниялар алдымен жергілікті нарықты зерттейді. Одан кейін қолөнер шеберлерімен байланыс жасайды", - дейді Шулинь.


 


Ал "Kazakh Tоurism" ұлттық компаниясы басқарма төрағасының орынбасары Тимур Дүйсенғалиевтің сөзіне қарағанда, Еуропаның туристері барған жердің табиғаты мен салт-дәстүрін зерттеп, жаңа эмоцияларды іздесе, қытайлық туристер заттарды сатып алуды жақсы көреді.


"Бүгінде Қазақстан арқылы ұшатын қытайлық туристер үшін 72 сағаттық визасыз режим бар. Біз осы мүмкіндікті барынша пайдалануымыз қажет. Мәселен, қытайлықтар танымал брендтерді іздейді. Сол үшін Дубай, Париж бен Миланда аялдайды. Ондай брендтер бізде де сатылады. Міне, киізге де қызығушылық оянды. Демек, қазақстандық шоколад, бал мен коньяктан басқа да дүниелер бар", - деп атап көрсетті Дүйсенғалиев.


Нұр-Сұлтанда өтетін Қытайдың мәдениет пен туризм апталығы аясында 72 сағаттық визасыз режиммен бір топ қытайлық турист келеді.


Ұсынған: Мақпал Сембай



 




Көрілген: 506    Пікірлер: 0

сенбі, 18.05.2019, 12:06

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30