Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Қызылордада аяқсу мәселесi шешiледi

14 сәуір 2011, 17:42

Қызылорда қаласын аяқсумен қамтамасыз ету мақсатында биылғы жылдың басында қолға алынған бетонды арнаның құрылысы аяқталуға жақын.
Тасбөгет қыстағындағы оңтүстiк жағалық магистральдан бастау алатын арна Жiбек жолы көшесiн бойлай өтедi. Оның ұзындығы бес шақырымға жуық. Қызылорданың аяқсу мәселесiн толық шешуге арналған бұл құрылыс облыс орталығының 30 пайызын қамтамасыз етуге тиiс.
Құрылыстың тапсырыс берушiсi – «Қызылорда су шаруашылығы» мемлекеттiк коммуналдық кәсiпорны. Құрылысқа қажеттi материалдар жергiлiктi «Құрылыс» акционерлiк қоғамынан және Тараз қаласынан алынады. Жұмысқа 200-ден астам жұмысшы тартылып, 60-қа жуық техника жұмылдырылған.
Бұл арна жерастылық сегiз өткелден тұрады. Екi қапталынан үш метрлiк жаяу жүргiншiлер жолы жасалады. Құрылыстың негiзгi жұмысы 5 сәуiрде аяқталмақ.