Нарық

Ләззат Ибрагимова баспана бағасы келешекте қалай өзгеретінін айтты

  • Ләззат Ибрагимова баспана бағасы келешекте қалай өзгеретінін айтты

    Ләззат Ибрагимова баспана бағасы келешекте қалай өзгеретінін айтты

«Отбасы банк» АҚ-ның басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова Baigenews.kz агенттігінің «20:21» жобасында елдегі жылжымайтын мүлік бағасына қатысты ойын айтты.

Оның айтуынша, қазір дүние жүзі бойынша жылжымайтын мүлік бағасы қымбаттап жатыр. Пандемия жағдайында ел экономикасына құйылған қомақты қаражат та бағаның өсуіне өз әсерін тигізген.

 

Мен әлемдегі жағдайды бақылап отырамын. Қазір барлық жерде жылжымайтын мүліктің бағасы қымбаттап жатыр. Тіптен, Германия, Канада, АҚШ сияқты елдердің өзінде жылжымайтын мүлік бағасы 9-12% аралығында көтерілген. Пандемия жағдайында экономикаға құйылған қомақты қаржының бәрі жылжымайтын мүлік бағасына әсер етіп отыр. Қазақстандағы жағдайға келер болсақ, бізде демографиялық өсім байқалады. Жылына 425 мыңдай бала өмірге келіп, жыл сайын рекорд орнатып жатырмыз. Мұның барлығы алдағы жеті жылда еліміздегі жылжымайтын мүлік нарығына қатты әсер етеді,-деді ол.

 
Оның пайымдауынша, халық санының өсуі әсіресе тұрғын үй құрылысымен айналысатын компаниялар үшін пайдалы, яғни жаңа үйлерді көптеп салуға оңтайлы кезең.

Халық санының өсуімен жаңа тұрғын үйлерді көптеп салған жөн. Ал, екінші деңгейлі баспана үшін бағдарламаларды шектеген жөн. Өйткені олар бағаны негізсіз шарықтатып жатыр. Осы жылдың бірінші жартысында зейнетақы жинағын үй алуға пайдалану іске қосылғалы жылжымайтын мүлікке сұраныс күрт артты. Жылдың екінші жартысында жағдай біраз тұрақталу керек,-деді Л. Ибрагимова.


Әділет МҰСАХАЕВ

BAQ.KZ




Көрілген: 499    Пікірлер: 0

бейсенбі, 14.10.2021, 11:14

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31