Нарық

Ломбардтар мен шағын кредиттік ұйымдарды арнайы тізімнен тексеріп алуға болады

  • © vk.com

    © vk.com

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі кредиттік серіктестіктер, ломбардтар, микроқаржы және онлайн-кредит ұйымдарының тізімін жүргізуге кірісті. Ведомство сайтында ресми түрде тіркелген компаниялар ғана көрсетілген, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан агенттіктің ресми сайтына сілтеме жасап.

 

Ресми мәліметке сәйкес, 3 қарашаға дейін уәкілетті органда барлығы 1 112 компания есептік тіркеуден өтті.

 

Банктерді реттеу департаменті директорының орынбасары Бақытбек Рысымбетовтың айтуынша, ұйымдардың тізімі Қазақстанның барлық қаласынан агенттіктің өңірлік өкілдер басқармалары беретін мәліметтер негізінде үнемі жаңартылып тұрады.

 

"Бүгінде белгіленген мерзімде есептік тіркеуден және қайта тіркеуден өтпеген, құжаттар топтамасын бермеген және заң бойынша микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға құқығы жоқ бірқатар ұйым бар. Сондықтан да микрокредит алу қажет болса, компанияны агенттіктің сайтындағы тізілімнен тексеріп алыңыздар", - дейді Рысымбетов.

 

Айта кеткен жөн, биылдан бастап кредиттік серіктестіктер мен ломбардтар агенттіктің реттеу аясына енгізілген болатын. Есептік тіркеуден өтпеген ұйымдар мәжбүрлі түрде таратылады не қайта ұйымдастырылады. Оны "Азаматтарға арналған үкімет" КЕАҚ-тан алынған ақпарат пен есептік тіркеуден өткен ұйымдардың тізілімімен салыстырып тексеру арқылы жасауға болады.

 

Агенттікте есептік тіркеуден өтпеген және таратылуы немесе қайта ұйымдастырылуы тиіс ұйымдардың тізбесі де айқындалады. Сотқа дейінгі реттеу аясында ондай компанияларға ерікті түрде қайта ұйымдастыру немесе тарату қажеттілігі, сондай-ақ, өз атауын "микроқаржы ұйымы", "кредиттік серіктестік", "ломбард" деген сөздерді алып тастау арқылы қайта тіркелу туралы хат жіберіледі.

 

"Компаниялар "Электронды үкімет" (e-gov) порталында хабарлай отырып, қызмет түрін өзгертулері қажет. Оны орындамаған жағдайда агенттік заңды тұлғаны мәжбүрлеп тарату туралы шағым дайындап, оны аумақтық сотқа береді", - деп түйіндеді Рысымбетов.

 

 

 




Көрілген: 542    Пікірлер: 0

жұма, 06.11.2020, 13:12

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    25 Қаңтар, 12:04
    Доллар бағамы өсті
    19 Қаңтар, 12:05
    Доллар бағамы

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31