Нарық

Мәдина Әбілқасымова доллардың неге қымбаттап жатқанын түсіндірді

  • Мәдина Әбілқасымова доллардың неге қымбаттап жатқанын түсіндірді

    Мәдина Әбілқасымова доллардың неге қымбаттап жатқанын түсіндірді

 Ұлттық банк төрағасының орынбасары елде кезекті девальвация бола ма деген сұраққа жауап берді


 Соңғы күндері доллар бағамының өсуі әлемдік нарықтағы мұнай бағасымен байланысты. Бұл туралы ұлттық банк төрағасының орынбасары Мәдина Әбілқасымова айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.


Оның айтуынша, ұлттық банк 3 маусымда кезекті болжамдық раунд өткізіп, базалық мөлшерлемені сол күйінде – 9% деңгейінде қалдырған.


"Қазір теңгенің еркін айырбас бағамы режимі аясында валютаның өзгерісі болып жатыр. Бұл, ең алдымен, мұнай бағасына байланысты. Әлемнің ірі экономикалары арасындағы сауда текетіресінің күшеюінен әлемдік нарықтарда Brent маркалы мұнайдың бағасы түскенін көріп отырмыз. Тиісінше, бұл дамып жатқан нарықтардың валюталарына әсер етіп жатыр", - деді ол мәжіліс кулуарында.


Осы орайда БАҚ өкілдері Әбілқасымовадан елде кезекті девальвация бола ма деп сұрады. Ол теңге бағамы айтарлықтай құбылса, ұлттық банк тиісті шаралар қабылдайтынына сендірді.


Тағы оқыңыз: Сарапшы доллар бағамына қатысты ойымен бөлісті


"Айырбас бағамы айтарлықтай құбылған жағдайда ұлттық банк валюталық интервенция жүргізуге құқылы. Біз жағдайды мұқият бақылап отырмыз", - деді ол.


Айта кетсек, қазір валюта айырбастау пунктерінде бір доллар 384-386 теңгеге сатылып жатыр.


 


sputniknews.kz




Көрілген: 674    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 05.06.2019, 15:58

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30